December 2012 - Page 4 of 7 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за December, 2012

Асанов Бақытжан

20 Dec 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Асанов Бақытжан <[email protected]>
Тема вопроса: Поздравление
Құрметті Айқан Ақанұлы сізді Еліміздің тәуелсіздік күні мерекесімен және де «Парасат» орденінің кавалері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге алдағы уақытта да ғылым мен денсаулық сақтау саласында үздік табыстар тілеймін!






Мүгүлсим Нұрмағанбетова

20 Dec 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Мүгүлсим Нұрмағанбетова <[email protected]>
Тема вопроса: Поздравление
Құрметті, Айқан Ақанұлы! Сізді Мемлекеттің жоғарғы марапаттауларының бірі, “Парасат” орденін алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл құрмет, Сіздің ерен еңбегіңіз бен ұшқар ойыңыздың, үлкен парасаттылығыңыздың белгісі деп білеміз. Алдағы күніңізге одан да жоғарғы марапаттауларға ие болып, биік белестерден көріне беруіңізге тілектеспіз!
Аса құрметпен, “Медициналық биофизика және биостатистика” модулінің қызметкерлері атынан, модуль жетекшісі, профессор М. О. Нұрмағанбетова.






Айжан Токтабекова

20 Dec 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Айжан Токтабекова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Здравствуйте Уважаемый Айкан Аканович!
Пользуясь случаем, хотелось бы поздравить Вас с заслуженным орденом “Парасат”, пожелать успехов в дальнейшей Вашей профессиональной деятельности и конечно же Здоровья!

Хотелось бы задать сопутствующий вопрос по учебному процессу, а именно, по экзаменационным тестам.
Должна ли кафедра выдавать студентам все закрытые тестовые вопросы до экзамена? И к кому можно обратиться по данному вопросу?

С уважением Токтабекова Айжан, Фармация, 3 курс

 

Здравствуйте, Айжан! С наступающим новым годом!

Экзаменационные тестовые вопросы без вариантов ответа Вы можете получить на кафедре, через АИС-КазНТУ.Если кафедра не предоставляет тестовые вопросы , то Вы можете обратиться в деканат.

Желаю успешной сдачи сессии!

 






Барселона жоғары менеджмент мектебінде білім алушы магистранттар мен студенттер

19 Dec 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Құрметті  Ақанов Айқан Ақанұлы!

Біз білім алып отырған, Қазақстан Республикасы медициналық білім беру ұйымдарының үздігі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін басқарып отырғаныңызды біз мақтан тұтамыз. Соның айғағы Ғылым мен денсаулық сақтау саласындағы үздік табысыңыз үшін «Парасат» орденін алуыңыз. Бұл егемен мемлекетіміздің алдында адал қызметіңіз бен еңбегіңіздің арқасында қол жеткізген табыстарыңыздың бірі деп білеміз. Университетіміздің беделі, материалдық базасы Орта Азия мемлекеттері арасында алдыңғы қатарлы озық технологиялармен жабдықталғандығына күман келтіре алмаймыз, дегенмен осы қалпын сақтап ары қарай жетілдіру қажырлы еңбекті қажет етеді. Сондықтан деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз және университет ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып мына өлең шумақтарын жолдаймыз:

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

 

Ізгі ниетпен: Барселона жоғары менеджмент мектебінде білім алушы магистранттар мен студенттер.






Меруерт Болатханова

14 Dec 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Меруерт Болатханова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Здравствуйте Айкан Аканович! Я ученица 11го класса, буду поступать в ваш ВУЗ! И в связи с этим я бы хотела узнать будет ли день открытых дверей, и когда?

 

 

Дорогая Меруерт!

День открытых дверей у нас в Университете проводится ежегодно перед окончанием учебного года. Точная дата будет определена позже. Добро пожаловать!!!