September 2012 - Page 15 of 17 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за September, 2012

Назымгүл Масимбаева

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Назымгүл Масимбаева <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіз бе? А. Ақанұлы
Мен Назымгүл Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылының орта мектебінің түлегімін, биылғы ҰБТ- дан 112 бал алдым қазақ тілі пәнін алып тастағанда 89 балым бар, таңдау пәнім биология пәні.Осы балмен жалпы медицина саласына оқуға түсе аламын ба? Жалпы медицина факултетін 3 жыл оқып одан кейін дәрігерлікті таңдауға болады деген рас па? Егер солай болса қандай дәрігерлік мамандығы жатады.Алдын-ала рахмет.

 

Саламатсыз ба,  Назымгүл!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады. 

Дәрігер болу мақсатыңыз болса, «Жалпы медицина» мамандығын таңдап, (5+2 жыл), интернатурадан соң, әрі қарай мамандық таңдап, резидентурада жетілдіру дайындықтан өтесіз.

 

 






Назира Арыстанбекова

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Аканов Айкан Аканович менің қызым Тұрған Расиқа АБ белгісімін осы оқу орнына тусті.Мен өте қуаныштымын.Жатақханаға орналастыру үшін қандай құжаттар дайындап баруым керек? Оңтүстік Қазақстан облысында тұрамын

Саламатсыз ба,  Назира!  Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін құжаттар 23 шілде мен 31 шілде аралығында қабылданады.

Сіз шілде айының 31-не дейін құжаттарыңызды жинап (аттестат, аттестаттың қосымшасы, ҰБТ сертификаты, 086-У мед анықтама, 063 алдын ала егу картасының көшірмесі, жеке куәлік, 3х4 – 6 фотосурет)     қабылдау комиссиясына конкурсқа қатысу үшін тапсырасыз. Егер үміткер мүгедек не жетім, оралман болса, растайтын құжаттар қажет. Басқа анықтамалар мен құжаттар керек емес.






Айгерим Отеу

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Здравствуйте,Ректор!Я живу в городе Шымкент  хотела бы отсюда сдать свои документы !Я набрала 116 баллов .  Когда можно подать документы?

Здравствуйте,  Айгерим! Заявления для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов принимаются с 23 по 31 июля 2012 г. во всех вузах РК,  где работает приемная комиссия.






Зарина Серікқызы

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіздер ма? Мен биылғы жылғы ҰБТ-дан 89 балл алған едім , Сұрақ осы балмен жалпы медицина факултетіне грантқа оқуға түсе аламын ба? Құжат қай күнге дейін қабылданады, осы факултетке қандай құжаттар керек.Алдын ала рахмет!

 

Саламатсыз ба,  Зарина!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.    Білім алу грантына конкурсқа қатысуы үшін құжаттар 23 шілде мен 31 шілде аралығында қабылданады.

Сіз шілде айының 31-не дейін құжаттарыңызды жинап (аттестат, аттестаттың қосымшасы, ҰБТ сертификаты, 086-У мед анықтама, 063 алдын ала егу картасының көшірмесі, жеке куәлік, 3х4 – 6 фотосурет)     қабылдау комиссиясына конкурсқа қатысу үшін тапсыру керексіз!

 

 






Айдос Канатбай

02 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсізбе!Айкан Аканович,мен биылғы ҰБТ-леуден 65 балл жинадым,орыс тілін алғанда 56 балл болып тұр,қабылдау комиссияларынан сұрағанда 56 баллмен ақылы бөлімге стоматологияға бойынша түсуге болмайтынын айтты.Шынында 56 баллмен түсе алмаймын ба? Түсе аламын ба? Сізден жауап күтемін

 

Саламатсыз ба,  Айдос!  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына50 баллдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.   

 

Поисковые слова:

  • жоғары математика айдос
  • жоғарғы математика айдос
  • Айдос Жоғарғы математика