July 2012 - Page 2 of 7 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2012

Агила Кадирова

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Агила Кадирова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Курметтi Айкан Аканович. Мен Оралман Агила сурактарыма жуап кайтаруынызды соранамын. Мен Ташкент Педиатрия Медицина Институттынын Нукус филиал. Емдеу факултетин бiтiрiп. Жалпы Терапевт маман алдым,2010-жыл. ВОП болып Каракалпагистан Республикасында жумыс жасадым. Мен 2012-жылга Ардинатура Тапсырума кандай дакумент керек.
Оралмандарга женiлдiк барма?. Реанимация болiмiне тапсыру ушiн кандай сынактар тапсырамын. Грантка тусуме мумкiншiлiк барма?.Егер толемдi турде туссем канша толем. Дакумент кабилдау нешесынен кай айдан басталады?…

Алдын  ала Рахмет.

 

Құрметті Агила Кадирова!

Сіз Ташкент Педиатрия Медицина Институтына түсіп, емдеу факультетін қалай бітіргеңіз біз үшін сұрақ. ВОП болып Каракалпагистанда жұмыс жасаған соң, Астана қаласындағы Ұлттық Аккредитациялық орталықтан өтуіңіз керек. Сосын міндетті түрде резидентураға түспей тұрып, интернатураны өтуіңіз керек. Оралмандарға ешқандай жеңілдіктер жоқ. Интернатураны да, резидентураны да ақылы түрде оқуыңызға мүмкіндіктер бар. 1 жылға интернатура 700 000 тенге, ал резидентура 1 000 000 тенгедей болады. Документтердің барлығы 2012 ж.  20 шілдеге дейін қабылданады. 






Шалипа Әмір

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Шалипа Әмір <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе, Айқан Ақанұлы! Менің сізге қояр сұрағым-Стоматология факультетіне грантқа қанша баллмен түсуге болады? Проходной балл қанша?

Саламатсыз ба! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Сондықтан, конкурсқа өту баллы конкурстан кейін белгілі болады.

 






Назира Арыстанбекова

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Назира Арыстанбекова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Аканов Айкан Аканович менің қызым Тұрған Расиқа осы университетке тапсырсам дейді. Менің сұрағым қабылдау комиссиясына тапсыратын құжаттардың тізімінде аудандық ІІБ – нен есепте тұрмайды деген және СПИД – те есепте жоқ деген анықтама керек пе?Назира Арыстанбекова

 

Саламатсыз ба! С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ-не  керек құжаттар:

  1. 1.              білімі туралы құжат (түпнұсқа),
  2. 2.              мемлекеттік сертификат,
  3. 3.      мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын (жетім, мүгедектер, оралмандар) құжат,
  4. 4.              3×4 көлеміндегі 2  фотосурет, 
  5. 5.              086-У  нысанындағы  медициналық  анықтама + флюорография суреті (флюорография суретін Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі мен Шевченко қиылысында орналасқан Профессорлық клиникаға қайта оқытып, мөр бастырасыздар),  063 нысандағы алдын ала егу картасы, 
  6. 6.      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

       Егер Сіз Қазақстанда тұрмайтын шет ел азаматы болсаңыз ғана онда ЖИТС-те (СПИД) есепте жоқ деген құжат керек.

 






Назымгүл Масимбаева

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Назымгүл Масимбаева <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсіз бе? А. Ақанұлы
Мен Назымгүл Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылының орта мектебінің түлегімін, биылғы ҰБТ- дан 112 бал алдым қазақ тілі пәнін алып тастағанда 89 балым бар, таңдау пәнім биология пәні.Осы балмен жалпы медицина саласына оқуға түсе аламын ба? Жалпы медицина факултетін 3 жыл оқып одан кейін дәрігерлікті таңдауға болады деген рас па? Егер солай болса қандай дәрігерлік мамандығы жатады.Алдын-ала рахмет.

 

Саламатсыз ба, Назымгүл! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.

Назымгүл! ҰБТ-дан алған 89 балыңызбен таңдау пәніңіз биология бойынша «Жалпы медицина» мамандығына 23 шілде және 31 шілде аралығында құжаттарыңызды Қабылдау комиссиясына келіп тапсыруыңызға болады. 5В130100-«Жалпы медицина» мамандығында оқу мерзімі (5+2 жыл),5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр»  академиялық дәрежесіне иегер  дипломы беріледі.

6 және 7-курс студенттеріне білім беру мынадай  6 бағыт бойынша интернатура түрінде ұйымдастырылады:

  • жалпы дәрігерлік практика
  • гигиена және эпидемиология
  • ішкі аурулар
  • хирургия
  • педиатрия
  • акушерлік  және гинекология

 

Поисковые слова:

  • биология таңдау курсы





Жупар Ыбрай

18 Jul 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Жупар Ыбрай <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсизбе! Мен УБТ-дан 92,орыс тилисиз 74 жинадым.+ауылдык квота бар. КазНМУ-га жалпы мед. факультетине туссем деймин. Грант бола ала ма? Немесе менин балыммен грант болу ушин кай факультетти тандау кажет? Отинем,жауап кутем. Рахмет!!Жупар Ыбрай

 

Саламатсыз ба, Жупар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 балдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 балдан жоғары  жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады.  Ауыл квотасы гранттардың жалпы санының 30% құрайды, ауылдық квотаға балл қосылмайды.