March 2012 - Page 10 of 11 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за March, 2012

Учебный процесс

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: самат конаев <[email protected]>

Cалеметсiз бе Айкан Аканулы.
Сiзге кояр сурагым мынадай: мен 1997-2003 жылдар аралыгында сан-гиг факультетiн бiтiрiп едiм. Ендi мен стом-факультетiн
кайтадан окысам болады ма екен. Егер окуга болатын болса кай курстан кабылдануга болады.

Жауап:

Құрметті Самат,  ҚР жоғары оқу орындарының типтік қабылдау ережесі бойынша медициналық мамандықтарды қысқартып оқуға мүмкіндік  жоқ, егер сіз қайтадан мамандығыңызды ауыстыратын болсаңыз  сізге 1-курстан бастап қабылдануыңыз қажет.






Учебный процесс

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

От: Перизат Баймишева <[email protected]>
Құрметті, Айқан Ақанұлы! Өзіңізге белгілі, қазіргі таңда медициналық колледждерде жаңа стандарт бойынша “Медициналық және биологиялық физика” пәні енгізілді. Осыған байланысты, Қазақ Ұлттық медициналық университеті базасында жоғарыда аталған пән бойынша медициналық колледж оқытушыларына білім жетілдіру курсын ұйымдастыру мүмкін болмас па екен? Адам жанының арашасын дайындаудағы ерен еңбектеріңізге сәттілік және табыс тілеймін!

Жауап:

Құрметті Перизат Баймишева!

Бізде ЖОО оқытушыларын оқыту бағдарламасы жасалған. Қысқа мерзімде ҚазҰМУ – ң «Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика» кафедрасы колледждің оқытушыларына арналған бағдарламаны жетілдіріп, бейімдейді.  Оқыту мерзімі туралы  қосымша жарияланатын болады.

 

 






От абитуриента

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

От: саят байсейтов <[email protected]>

Мед.академияның факультеттерін неше жыл оқйды

Жауап:

Құрметті Саят!

Біздің университетімізде бірнеше мамандықтар бар. Әр қайсысының оқу мерзімі әр түрлі, ол сіздің таңдауыңызға байланысты. Мамандықтар туралы мағлұматты толығырақ университетіміздің www.kaznmu.kz сайтының «Талапкерге» бөлімінен табасыз.

 

 






Учебный процесс

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

От: Баян Холбаева <[email protected]>

Салеметсізбе Айкан Аканович! сіз мені танымайсыз бірак алла бұйырса мен осы универге окуға тускім келеді!мен неврапотолог болғым келеді мен осындай дарігер болғым келеді сол үшін мен казірден дайындалып жатырмын мен укол салуды пролиж болғанда не істеу керек екенін т.б коптеген амалдарды білем мен сізден сұрайын дегенім мен Өзбекістаннан келгенмін отбасыда көп балалымыз мамам жұмыс істемейді папа қарапайым жұмыскер мен сіздің университетіңзге түсүіме үшін маган жеңілдік болама? мен жауабыңызды асыға кутемін сау болыңыз!!!

Жауап:

Құрметті Баян!

 

Сіз грантты ұтып ала аласыз ба, жоқ па біз алдын-ала айта алмаймыз, өйткені білім гранттарының конкурсы –  біріңғай Ұлттық тестілеу (БҰТ) немесе кешенді тестілеу нәтижесінде, сертификаттағы балдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінде жүргізіледі.  Білім беру гранттарын бөлуге конкурс өткізу кезінде оралман статусына ие ұлты қазақ азаматтарына жеңілдіктер қарастырылған. Сізге сәттілік тілейміз!

 






Учебный процесс

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Назерке Ильясова

Саламатсызба Айкан ағай? Менің сізге қояар сұрағым мен оқушымын менің таңдау пәнім химия сіздердің уневерлеріңізде химия мамандығы бойынша фармацевтика немесе СЭС мамандықтары барма? бар болса қанша балмен грантқа түсуге болады? және де екі мамандық бойынша қанша жыл оқу? тағы бір сұрайтыным ағай оқу ақысы қанша?

Жауап:

Құрметті Назерке!

Сіздің жоғары білім алу үшін біздің университетті таңдағаныңыз бізді қуантады.

Егер бейіндік пән ретінде химия пәнін таңдасаңыз «Фармация» факультетіндегі келесі мамандықтарға түсе аласыз: Фармация және Фармация өндірістік технологиясы.  Ал санитарлық дәрігер дайындайтын факультетке құжат тапсырғыңыз келсе, бейіндік пән ретінде биологияны таңдауыңыз қажет.  Сіз сұрап тұрған мамандықтар бойынша  грантты ұтып ала аласыз ба, жоқ па біз алдын-ала айта алмаймыз, себебі грантты тағайындау бойынша конкурсты айқындайтын абитуриенттердің өздері. Нақты айтсақ, грантқа конкурс белгілі бір мамандыққа құжат тапсырған талапкерлердің саны мен олардың балдарына байланысты анықталады. Соған сәйкес мемлекеттік грантты жеңіп алуға конкурсқа құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді. Сіздің хатыңызда көрсетілген мамандықтар үшін бакалавр 5 жылды құрайды.

Ал төлемақы жөнінде келесідей мәлімдеме: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – ұлттық статусқа ие еліміздегі бірден бір медициналық жоғарғы оқу орны. Сондықтан да біздің университеттегі оқу басқа медициналық жоғарғы оқу орындарынан біршама ерекшелігі бар.
Біздің университетте білім алып жатқан студенттер үшін биылғы 2011-2012          оқу жылына төленетін ақы көлемі – 770 000 (жеті жүз жетпіс  мың) теңге. Алдағы оқу жылына төленетін оқу ақысы белгісіз. Себебі, ол оқу үдерісіне кететін, студенттердің жатақханасына, университеттің тыныс-тіршілігі мен қызметі барысындағы басқа да шығындарға қатысты өзгереді. Сізге сәттілік тілейміз!