Эльмира Кайыржанова

10 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Тема вопроса: От студента
Салеметсіз бе, Айкан Аканович. Мен осы жылы 1-ші курс бітірдім. Отбасы жағдайына байланысты Ақтөбедегі медицина университетіне ауысайын деп едім. Оқу үлгерімім жақсы. Білгім келгені грант сақтала ма? Ауысу үшін қандай құжаттар қажет? Алдын ала рахмет.

 

Құрметті Эльмира!

Сіз Ақтөбе медицина университетіне өз мамандығыңыз бойынша ауысатын болсаңыз, мемлекеттік білім гранты сақталады. Егер басқа мамандыққа немесе басқа ЖОО-на ауысатын болсаңыз  грант сақталмайды, тек ақылы түрде қабылданасыз.

Білім алушыларды  басқа жоғарғы оқу орнынан ауыстыру  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2008 жылдың 9 желтоқсанында шыққан № 638 бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген «Жоғары  бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы  ережесі»  бойынша қойылатын негізгі міндетті шарты кезекті академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының толық орындалуы және аралық аттестаттауды тапсырылуы қажет.

Басқа жоғарғы оқу орнына ауысу қысқы немесе жазғы емтихан сессиясынан кейінгі демалыс уақытында  іске асырылады. Сонымен қатар, оқу жоспарындағы пән айырмашылығы  міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаған жағдайда рұқсат етіледі.

Сізге:  білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш бересіз  және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып,  ректордың атына өтініш бересіз. Қабылдайтын ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі қажет: факультет деканы   қол қойған оқу карточкасы, оқу бөлімі (оқу-әдістемелік бөлім немесе басқарма) бастығының қолымен расталған, мөрмен бекітілген және кеңсе тіркеушісі қол қойған транскрипт; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініш көшірмесі; факультет деканы  ұсынылған құжаттар негізінде жұмыс оқу жоспарының және оқу курсының міндетті компонентінің пәндеріндегі айырмашылықты анықтайды.


_ _ _

Loading