Сымбат

20 Mar 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Құрметті Сымбат!

ҚР денсаулық Министрлігінің 2008 жылдың 30 қаңтарында шыққан «Интернатура мен резидентурада клиникалық мамандықтарды дайындау тізімі» №27 бұйрығына  2013 жылдың 6 мамырында өзгерістер мен толықтырулар жасалған. Өзгерістердің ішінде  «Гигиена және эпидемиология» мамандығы алынып тасталған. Сол себепті «гигиена және эпидемиология» мамандығын таңдай алмайсыз.

Құрметті Нұржан Мейірбек!

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 Қаулысының          ( 2013 жылдың 10 сәуірінде)  өзгерісі негізінде студент басқа ЖОО-нан ұлттық ЖОО-на ауыстыру тек ақылы негізінде оқитын бөлімге ғана жүзеге асырылады, яғни мемлекеттік білім грантын жоғалтып, ақылы  түрде оқитын бөлімге ауыса аласыз.  Ауысу кезінде студенттің үлгерімі үздік және жақсы болуы қажет. Сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл 60-тан төмен болмауы тиіс.

 


_ _ _

Loading