Салтанат Бабакул

28 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Салеметсиз бе, Аканов А.А.! Университетимиздин KazMSA курамындагы студенттери Туркистан каласында откизилетин III Ассамблеяга катысуга миндетти екенбиз. Сизден отиниш жол каражатын, т.б. Жагдайларга кол ушин берсениздер! Университетимиздин беделин арттыруга соз беремиз!

Ответ:

Құрметті Салтанат!

2015 жылдың 4-6 мамыр аралығында Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтетін Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының ІІІ Ұлттық Ассамблеясына және студенттер мен жас ғалымдардың жыл сайынғы өтетін Халықаралық ашық жобалар сайысы бойынша университетімізге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы хат келген болатын.

Аталмыш сайысқа студенттер өздерінің ғылыми жобаларымен қатысуы тиіс.

ҚР Үкіметі тапсырмасы бойынша қаражатты үнемдеу тұрғысынан Университет әкімшілігі тек өз жобаларымен (баяндама, презентация, бағдарлама) қатысамын деген студенттерге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Сондықтан, қазіргі таңда интернатура 6 курс студенті Құлмағанбетов Мұхиттың (байланыс телефоны: 8 702 245 77 14) жетекшілігімен университетіміздің үздік студенттерінен құрылған «ТОП-100» клубы ІІІ Ұлттық Ассамблеясына және студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ашық жобалар сайысына ұсынатын жобалары бар студенттерді іріктеуде.

Қосымша ақпарат бойынша №1 оқу корпусы, № 107 кабинетте орналасқан Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөліміне (байланыс телефоны: 330-70-38, ішкі тел.: 71-58) келуіңізге болады.


_ _ _

Loading