От студента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: каралгаш монголхан

Саламатсызба құрметті Айкан Аканович! менін айтайын деп отырғаным сұрақ емес. Мен 6 курс студентімін, осы университетке интернатурага документ тапсырып туспей калдым. Мен интернетурага түсү шарттарына наразымын. Адамның білімін бір сұрақ қою арқылы бағалай алмайсыз. Сонда Ұлттық университетке интернатурага түсу үшін 1 сұраққа жауап беру жеткілікті болғаны ма? Бұл әділетсіздік, біздің 6 жыл бойы оқығанымыз 1 тиын болып қалды, ал оқымаған адамдар қажетті адамның алдына түсіп жоғары балл алып кетті. Осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін!!!!

Ответ:

Құрметті Қаралғаш!

Интернатураға қабылдау конкурсы 2010 жылдың 16 маусымындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 452 бұйрығымен бекітілген Интернатура туралы ережеге және ҚазҰМУ-дың Ғылыми Кеңесінің 24.05.2011ж. № 9 шешіміне сәйкес жүргізіледі және интерндерді даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

І. Тестілеу;

ІІ. Ситуациялық жағдайларға байланысты әңгімелесу;

ІІІ. Құжаттарды қарастыру (диплом қосымшасыың орташа баллы, ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу, университетте оқыған жылдарда конкурстарға және олимпиадаларға қатысуы, мақалалар).

Сіздің таңдаған мамандығыныңыз бойынша интернатураға қабылдау туралы шешім конкурстың барлық кезеңдерін және сіздің жеке жетістіктеріңізді ескере отырып шығарылып, 1 тамыздан кейін ғана университет сайтына жарияланады.

Мамандандық Конкурсқа қатысуға өтініш тапсырғандар Құжаттар мен қабылдау сындарының нәтижелерін қарастырғаннан кейін таңдалып алынған мамандыққа тіркеуге ұсынылғандар Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша ұсынылмағандар
Терапия 111 109 2
Хирургия 63 60 3
Акушерия және гинекология 60 60 0
Жалпы практикадағы дәрігер 55 55 0
Педиатрия 104 96 8
Балалар хирургиясы 18 12 6
Жалпы практикадағы дәрігер 69 67 2
Жалпы практикадағы стоматолог- дәрігер 45 45 0
ҚОРЫТЫНДЫ 525 504 21

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша жалпы интернатураға конкурстық негізде 525 өтініш қабылданған. Оның 504-і қабылдауға ұсынылған, 21-і (4%) ұсынылмаған. Жасалған анализ бойынша, өздерінің балдарын (GPA-ға өту баллы, 6 жыл бойы оқыған балдың орташа көрсеткіші) растаған студенттер саны 96 %-ды құрап отыр. Яғни, сіздің шағымыңыздың еш негізі жоқ. Бір сұрақ негізінде емес, үш кезең бойынша өз білімдерін көрсете білгендер саны жеткілікті (96 %).

Таңдап алған мамандығы (хирургия, акушерия, педиатрия, т.с.с.) бойынша өтпеген талапкерлерге жалпы практикадағы дәрігер мамандығына конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар. Яғни, 2 тамызда әңгімелесу түрінде конкурс өтеді. Бұл сізге тағы бір мүмкіндік беріліп отырғанын көрсетеді.

Поисковые слова:

  • ситуациялық жағдайлар
  • ситуациялық сұрақтар
  • https://kaznmu edu kz/blog/category/вопросы-ответы/page/399/

_ _ _

Loading