Ойсултан Мусаева

08 Sep 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Ойсултан Мусаева <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсіз бе! Мен 2013 жылы ҰБТ тапсырып, 81 баллмен (орыс тілімен 104) А.Ясауи атындағы ХКТУ-інің жалпы медицина факултетіне мемлекеттік грант негізінде оқуға түсіп, биыл бірінші курсты айақтадым. Сұрайын дегенім, оқуымды С.Асфендияров атындағы КазНМУ-ге ауыстырума бола ма? Оқуымды 2 курстан бастап, мемлекеттік грант негізізінде жалғастыра аламын ба? Егер болатын болса, ол үшін не істеуім қажет, қандай құжаттар қажет? Сол туралы толығырақ айтып өтуіңізді сұранамын. Алдын ала рахмет!

Ответ:

Кұрметті Ойсултан Мусаева!

 

19.01.2012 ж №110 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады. Сондықтан сіз мемлекеттік грантты жоғалтасыз және біздің университетке ақылы бөліміне қабылданасыз. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондақ-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.

 

Басқа медициналық ЖОО-дың ҚазҰМУ-ға ауысуға қажетті құжаттардың тізімі

1. Сіз оқитын ЖОО-ң ректорының атына өтініш

2. ҚазҰМУ-ң ректорының атына өтініш

3. Келісім-хат

4. Аттестат

5. Сертификат БҰТ немесе КТ


_ _ _

Loading