Ильяс Нұрмұханбет

30 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: От абитуриента
Құрметті Айкан аға мен осы алдымда тұрған мақсатымның ең негізі С.Д. асфендияров университетіне грантқа түсу. Мен жетім балалар қатарына жатамын, мен осы университетке грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма? Мен кәзіргі кезде Өгей әке- шешемнің қолында тұрып жатырмын. Мен сіздің университетіңізге грантқа түскім келеді. Мен Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би кенті М.Құрманов атындағы №2орта мектебінде 11а сыныбында оқимын. Аға жауабын сізден асығып күтемін. Аға мен сізден көп үміт күтемін.

Ответ:

Құрметті Ильяс!

Сіздің жоғары білім алу үшін біздің университетті таңдағаныңызға алғысымызды білдіреміз.

Сіз грантты ұтып ала аласыз ба, жоқ па біз алдын-ала айта алмаймыз, себебі грантқа түсетін балл әр жылы әртүрлі болады. Сондықтан дәл қазір алдын ала оны айту мүмкін емес. Сол себепті, Сіз өз құжаттарыңызды тапсырып болған соң ғана, конкурстық байқау нәтижесінде біле аласыз. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді.Қосымша ақпаратты біздің сайттың «Абитуриент» бөлімінен алуға болады.

Сіздің біздің университетімізге оқуға түсуіңізге тілектеспіз. 2012 жылы 1 қыркүйек күні ҚазҰМУ студенті ретінде университет табалдырығын аттауыңызға тілектеспіз.

Ал жеңілдіктер жөнінде айтатын болсақ, Мемлекеттік білім гранттарының жалпы көлемінен жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1 пайыз қабылдау квотасы белгіленген.  Сізге сәттілік тілейміз!

 


_ _ _

Loading