Жансұлу Коспаева 1 курс студенттері атынан

20 May 2016  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Саламатсызба! Біз сізден сұрайық дегеніміз барлық жатаханалардан кітапхана ашсаңыздар екен,былтыр жақсы болып еді, не себебті жабылып қалғанын түсінбедік, түнгі кітапхана ашылды корпустан оған сабақтан соң қайта баруға уақытымыз жоқ және түнге қайтуға да қаржымыз да жетпейді таксимен қайтуға, жалпы көліктердің бәрі тоқтап қалады.Жалғыз жүруге қорқамыз.

Ответ:

Саламатсызба Жансұлу!
Алдымен қажеттіліктеріңізді айтып хат жолдағаныңызға рахмет!
Сіздің сұрап отырған жатақханадағы оқу залдары жабылған жоқ. Тек № 1-ші жатақханада кітап қоры бар болатын, кітапхананың жұмыс мерзімін ұзартуына байланысты, маман жетіспегендіктен кітап қорын жинап алдық. Ол мәселені жаңа оқу жылынан бастап қарастыруды жөн көріп отырмыз. Сондай-ақ сіздер үшін 2013 жылдан бері кітапханада “түнгі абонемент” жұмыс істеп келеді. Қажет кітаптарыңызды екінші қабаттағы оқу залынан сағат 16 -дан бастап бір күн түнге алуларыңызға болады. “Түнгі абонемент” оқырман үшін өте пайдалы жоба деп есептейміз.
Жансұлу сідің сұраңызға жауап қанағаттандыралық деп ойлаймын.
Құрметпен, Ақмарал Бековна.
ҚазҰМУ Ғылыми кітапхана директоры


_ _ _

Loading