Жандос Серикбаев

30 May 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Жандос  Серикбаев <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті Аканов Айкан Аканович мен ОҚО Шымкент қаласынан Ата-ана ретінде хабарласып тұрмын. Менде койылатын сұрак, казіргі таңда 1-ші  курс студенттеріне сесция жүріп жатыр. Кеше 29.05.2014 жылы физиология пәнінен тест болып 95-96 бал жинаса, ал ауызша емтиханнан томен бал койып 3 деген бага койыпты.Бұл жерде тусинбейтин мәселе гранттан, степендиядан айыру максаты жүріп жаткан жокпа? Неліктен кайта ауызша тапсыру мүмкіндігі болмай отыр. Осы мәселе бойынша бірінші өзіңізге жолдауды жөн санадым. Болмаған жагдайда НҰРОТАН-ға, Елбасымызға, Білім
және ғылым министрлігіне жолдауға дайынмын. Құрметті Аканов Айкан Аканович осы сауал бойынша сіздің көмегініз тиеді деген сенімдемін. Алдын ала алғысымды білдіремін!!!!

Құрметті Серікбаев Жандос!

Өкінішке орай Сіз хатта ұлыңыздың аты-жөнін және факультетін көрсетпегенсіз, бұл жайт мәселені жіті талдауға мүмкіндік бермей отыр.

Сіздің хатыңызға қарағанда, ұлыңыздың қорытынды дәстүрлі бағасы, бағалық жүйемен есептегенде «3»  (қанағаттанарлық). Осыған сәйкес ұлыңыздың емтиханға кіру рейтингілері төмен болып, семестр бойында жоғары балдар алмаған.

Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы үлгерімдік баға және қорытынды бақылау бағасы (емтихан бағасы) кіреді. Ағымдағы үлгерімдік баға оқыту пәні бойынша қорытынды бағаның 60%, емтихан бағасы (тестілеу, практикалық және коммуникативтік дағдылар бағасы)- 40%құрайды.

ҚолданыстағыКредиттік білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелеріне(ҚР Білім және ғылым министрі 2011ж. 20 сәуірінде №152 бұйрығымен бекітілген)  сәйкес, емтиханды қайта тапсыру көрсетілмеген.

Пән бойынша қорытынды балын көтерем деуші студенттерге қосымша жазғы семестрін (ақылы түрде) өтіп, емтиханды қайта тапсыруына мүмкіндік бар.

Сізді толғандыратын сұрақтар бойынша тиісті деканатқа және Академиялық жұмыстар департаментіне жолығуыңызға болады.

 


_ _ _

Loading