Жайна Серікбайқызы

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Жайна Серікбайқызы <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе Аканов Айкан Аканович сізге қояр сұрағым мен ҰБТ-дан жалпы балл 89, ал орыс тілін алып тастағанда 72 балл жинадым.Оқу грантына “жалпы медицина” факультетіне түсе аламын ба? Мен Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында тұрамын ауылдық квота барма,жеңілдіктер бола ма? Сізден жауап күтемін көп-көп рахмет!

Саламатсыз ба Жайна! «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкер  кемінде 70 балл жинау қажет, сондықтан Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарыңызды тапсыруға құқылысыз. Ауылдық (село) мектептерін бітірген талапкерлерге арналған квота бар, олар жалпы конкурспен өтпейді, конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.  Құжат тапсыру мерзімі – 23-31 шілде 2014ж.


_ _ _

Loading