Гулмаржан Өрлешова

21 May 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

 

Саламатсыз ба Гулмаржан! ЖОО түсу үшін Сіз кешенді тестілеуден өтуіңіз қажет. Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні (медициналық мамандықтар үшін – биология). Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20 маусым – 9 шілде аралығында. Қажетті құжаттар: оқу орнын бітіргеніңізді растайтын диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі. Құжаттарыңызды өз таңдауыңыз бойынша ҚР кез-келген ЖОО тапсыра аласыз. Грантқа өту балдары жайлы мәлімет әзірге белгісіз, көрсеткіштер жыл сайын өзгереді.


_ _ _

Loading