Ақбота Әділова

03 Nov 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Ақбота Әділова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Сәлеметсіз бе,құрметті Айқан Ақанұлы! Мен – Әділова Ақбота Ерланқызы, Жалпы медицина факультетінің, 5-курс, қазақ бөлімінің студентімін. Сізден сұрайын дегенім,болашақта онко-хирург маманы болғым келеді. Онко-хирург мамандығын бітіру үшін, мен интернатура мен резидентураны қай салалар бойынша бітіріп,қанша жыл оқып, дәрігер бола аламын? Осы мамандықты толықтай бітіріп шығудың қандай жолдары бар? Сонымен қатар, биыл бітіруші түлек болғандықтан,бітірушілерге үздік диплом тағайындаудың қандай шарттары бар? Рахмет!

Ответ:

Құрметті Ақбота Ерланқызы!

Сіз болашақта онко-хирург маманы болу үшін интернатураға ЖТД немесе Терапия бағыттарының бірін таңдай аласыз. Интернатураға Сіз конкурс негізінде курстан курсқа өту GPAбалын және дипломға қосымшаның орташа балын есепке ала отырып өте аласыз, оқу мерзімі 2 жыл.

Резидентура мамандықтарының тізімінде онко-хирург мамандығы жоқ, тек «Онкология (соның ішінде балалар жасындағы)» мамандығы бар, оқу мерзімі 2жыл.


_ _ _

Loading