Асқар Жұманазаров

15 Jan 2013  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Қайратұлы <[email protected]>
Тема вопроса: От студента
Саламатсыз ба медицина ілімінің докторы, профессор Ақанов Айқан Ақанұлы мен Жұманазаров Асқар Қайратұлы Жалпы медицина факультетінің 10-026-1 топ білімгері әрі топ старостасымын. Оз тобымның атынан жане III-ші ағымның атынан сізді жаңа кіріп келген 2013-ші жылыңызбен құттықтаймын, бұл жыл сізге отбасыңызға бақыт әкелсін, ал жұмысыңызда тек сәттілік болсын. Біз болсақ сіздің бізге артқан сеніміңізді ақтап атыңызды шарықтай түсейік!
Сіздің ең негізгі көздеген мақсатыңыз ол медицина ілімін Қазақстанда жақсарту деп білемін. Сонымен қатар ол мақсатыңызды іске асыруға біздердің септігіміз тиері кәміл. Сіздің университетте үш тілді дамытып білім бергізіп жатқаныңыз өте жақсы жане бес құзыреттілік бойынша бағалануы да керемет. Бұл оқыту әдісі мен бағалау тәртібі білімгерлерді жан-жқты жетілуіне әкеледі. Иә келісемін бірақ студенттердің оқу барысында қыйындықтар тууда. Яғни қазақ тіліндегі мәлиметтердің аз болуы, менің айтқым келгені жай ғана мәлиметтер емес ауқыÐ
�ды, түсінікті, маңызды, сапалы кітаптардың аздығы. Бұл біздің медицина ілімін негізгі ақсатар мәселе. Шет тілінде және орыс тілінде мұндай жоғарыда айтылған мәліметтер яғни кітаптар өте көп деп айтсам шатаспаймын. Сонымен, тоқсан ауыздың тобықтай түиіні демекші сізден өтінейін деп отырған өтінішім әрбір кафедрамен кітап шығару мәселесін талқылап жеке өзіңіз қолға алсаңыз дегім келеді. Мысалыға алсақ мен білетін Гистология кафедрасында “Аяпова Жұлдызай Омарқызы, “Гистология-2”. Оқу құралы. – Алматы: «Эверо», 2011. -316 бет.” III-ші курстарÒ
�а, яғни модуль бойынша оқуға кітап дайын.  Оның электронды нусқасын оқыдық өте керемет жазылған ондағы ақпараттар көрнекіліктері толықтай өтіп жатқан тақырыптың мәнісін ашады. Аталмыш оқу құралы «Гистология-2» пәнінің негізгі мәселелері мемлекеттік тілде талданылып жазылған. Болашақ дәрігерлер мен оқытушылар адам ағзасының әртүрлі жүйелері мен мүшелердегі қан айналымы мен иннервациясын және тіндер мен жасушаларда жүретін көптеген үрдістерді біліп түсінуге көмек . Бұл кітаптың маңыздылығын да құптаған Алипов Г.К. – Қазақстан-РеÑ
�ей Медицина Университетінің паталогиялық анатомия, гистология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор. Соколов А.Д. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің қалыпты физиология, валеология курсымен кафедрасының меңгерушісі, профессор.
Хасенова К.Х. – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің қалыпты физиология, валеология курсымен кафедрасының доценті. Ол электронды нұсқасы біреулерінде болса, біреулерінде болмады. Сондықтан өтініш ол кітапты келесі оқитын курстарға шығарсаңыз осы жылғы оқыған білімгерлер атынан алғысымыз шексіз. “Саны емес сапасы” – деген заманда мұндай оқу құралы тек қана біздің университеттің аймағында ғана оқылмай басқа да медициналық оқу орындары да қолдау тауып оқитынына да сенімдімін!


_ _ _

Loading