Аноним ата ана ата ана

26 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Қайырлы күн Айқан Ақанұлы! Сіздің іскер, білімді басшы екеніңіз баршаға мәлім, бірақ та сіздің қол астыңыздағы қызметкерлеріңіздің олқылықтарына адам сенгісіз. Ұлым жатақханадан орын алуға өтініш білдірген, орынберу туралы ережеге сәйкес кезекті күтті, дегенмен Лескен ағай деген кісі 50,000 теңгеге орын беремін депті. Ал декан орынбасары Гүлжан Нұркапизовна 40,000 акел депті. Тіпті деканатқа барса айқайлап , ұрысатын көрінеді, студенттерді адам санамайды дейді. Ондай декан орынбасары өз қызметіне лайық емес деп санаймын. Ондай теңге бізде болмай тұр. Бұл сұрақты шешу үшін құзырлы орындарға шағым білдірмес бұрын өзіңізге жазуды ұйғардым. Деканат пен декан орынбасарлары студенттердің екінші ата анасы сондықтан шара қолдануыңызды отінемін.


_ _ _

Loading