Аноним Аноним

28 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Құрметті 2курс студенттері ! Сіздерге не көрінді? Өз зам.декандарыңызға қара күйе жағып? Мен осы сайттағы хаттарды көріп шошып отырмын.Ол кісілерден асқан деканат жұмысшыларын көрмедім.Ол кісілер 1курстан бастап біздің барлық жұмыстарымызға шаруаларымызға өз көмектерін қолдарынан келгенше көмек көрсетуде. Деканат студентті қабылдау уақыты 2 деп жазғанымен таңғы 9 да қабылдап сіздерге барынша жағдай жасап жатыр ғой. Бізбен бірге екі жыл бойына жақсы жұмыс жасап, университет деңгейінде ,қалалық дейгейде жетістіктерге жеткен студенттерді қолдап,факультет абыройын үстем етуде талмай еңбек етуде. Сіздерге ауыр сөйлегендерін дұрыс түсінсеңіздер болады ғой !Ол кісілерге түсіністікпен қарасаңыздар екен.Мен өз деканатымызға кіргенде ағылған студенттермен ашық әңгімелескен зам.декандарымызды көремін.Яғни,жазылған хаттар жалған екеніне кепіл беремін.Осылай анонимді жазған хаттарға сене беретін болсақ не болмақ?


_ _ _

Loading