Алтынай Арзукулова

23 Dec 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: Алтынай Арзукулова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
салеметсиз бе?мен биофизика кафедасына шағым айтқым келеді.Апайлары экзамен ауызша этапты дұрыс алмайды .Берілген уакытта алу керек гой.мен экзаменге кирдим 10 минут болмай жазган паракты алып койды.мен кайта тапсыргым келеді ол ушин не истесем болады

Ответ:

ҚҰРМЕТТІ Алтынай Арзукулова!

2 – этап бойынша емтихан тапсыру:

1.Билет бойынша берілген практикалық дағдыны тапсыру кезінде студент жауапты жазбаша түрінде жазған күннің өзінде жұмысты ауызша тапсырады. Ауызша тапсыру кезінде, яғни прибормен жұмыс жасау кезінде берілген жауапты студент толықтыра алады. Студенттің жауабы БАҒАЛАУ ПАРАҒЫНДА көрсетілген пайыздық көрсеткіштердің қосындысы бойынша бағаланады. Соңында жауап берген бағасына студенттің «келісімі», яғни қол қояды.

2. Емтихан тапсыру парақтары кафедрада сақталады.

3. Сіздің аты-жөніңіз кафедрада қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін пәндер бойынша емтихан тапсырған студенттер тізімінде тіркелмеген. Шағымды талқылау үшін, алдымен өзіңіздің қандай мамандық, қандай топта, қай курста оқитыныңызды және қандай пәнді тапсырғаныңызды толық көрсетіңіз.


_ _ _

Loading