Акерке Амангелди

16 Nov 2015  |  Опубликовано в Алғыс

Талапты жастың арманы,білімнің биік заңғары.
Сырын ашып ғылымның,Авиценадай дараның,
Жанға дауа кәсіптің,іргетасын қалаған,
Дарабозы елімнің-Асфендиярдың Санжары.
Қазақтың ҚАЗҰМУ мақтаны,ел үмітін ақтады,
Ескеріліп еңбегі,Қызыл ту орден таққаны,
2001-дің жазында,мәртебе алып ұлттық,
Егеменді елімде,арайлап атты ақ таңы.
ҚАЗҰМУ ды басқарған Ақановтың Айқаны,
Ақ халатты абзал жан-ісінің майталманы.
Білім нәрін сусындап,талай шәкірт түледі,
Ғалымдардың төресі Шармановтай ағаны,
Төрткүл дүние біледі.
Оқу орыны өсірген талай тарлан дарынды,
Академигі қазақтың шипагері қарымды.
Балалардың дәрігері Ормантаев ағамыз,
Елге сыйлы бүгінде КазҰМУ-дың ғалымы.

Қанатын кеңге жайған білім ордам,
17 елдің таңдауы саған қонған.
Өзін-өзі басқарған жастарың бар,
Дертке шипа, еліне болар қорған.
Бойыңыз болса дағы сұлу мүсін,
Ерекше сән береді маржан тісің.
Тіс әдемі әрі сау болу үшін,
Абыроймен атқарам дәрігер ісін.
Қазығұрттың етегінде туғанмын,
Мамандықпен әке жолын қуғанмын.
Стомфакты ойдағыдай бітіріп,
Тіс емдеуге белді бекем буғанмын.
Бақанайдай ұстаздың шәкіртнің бірімін,
Есімім менің Ақерке Уалиханның қызымын.
Білім алып ұстаздан боламын менде дәрігер,
Дертке дауа іздеумен болып жүрген әбігер!


_ _ _

Loading