Акерке Абзалова

25 Feb 2020  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Мен 2020 жылдың жас түлегімін! Осы университетке оқу бала кезімнен арманым болып келеді! Бірақ грантқа баллы жоғары,сол үшін күндіз-түні білімімді шыңдап жатырмын! Осы жылғы грантқа түсудің шектік баллын және оқу ақысы қанша болатынын білгім келеді?Арнайы жеңілдіктер немесе конкурстар болмайды ма?

Жауап:

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына ҰБТ нәтижесі бойынша, кемінде 65 балл және бейіндік пәндері химия, биология, әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл алған барлық түлектер қатыса алады.

Грантқа түскен түлектердің шекті баллы, конкурс нәтижелерінен кейін белгілі болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 «”Бакалавр” немесе “магистр” дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, балдар тең болған жағдайда басым құқық келесі жағдайларда беріледі:

1) “Алтын белгi” белгiсімен марапатталған тұлғалар;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

3) жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

4) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.

Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

5) Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.

6) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

7) Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота көзделген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізіледі.

Біздің университеттегі оқу бағдарламаларының 2019-2020 оқу жылындағы оқу ақысы 770000 тенгенден 1200000 тенгеге дейін қарастырылған болатын. Ол Сіздің таңдаған мамандығыңызға байланысты.

Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау бөлімімен хабарласуларыңызға болады. Қабылдау бөлімінің телефондары: 8(727)338-70-27. ішкі тел.: 70-71,73-50, электрондық пошта: «[email protected]»


_ _ _

Loading