Айнур Немасипова

14 Sep 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Айкан Аканович? Мен Немасипова Айнур ЖМ факультетінің 60/1 тобының студентімін. Сізге хат жолдау себебім, 5 курс студенттерінің 1 академиялық сағаты 100 минут болуына байланысты. Бұрынғы уақыт бойынша біз сағат 8.00-14.00 дейін оқитынбыз, осы алты сағат бізге тақырып талдауға, ситуациялық есептерді шешуге, тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге, науқастарды курациялауға, СӨЖ-мен айналысуға жеткілікті болатын.
Қазіргі уақытта, қазіргі таңдағы талаптарға сай болу үшін әр адам шыңдалуы тиіс емес пе? Ол үшін әрине еңбек етумен қатар, қосымша уақыт та қажет.
Көптеген студенттердің клиникалық базаға жетуінің өзіне дөрекі алсақ 1.30-2 сағат уақыт кетеді. Есептеп қарасақ, студент сағат 6.00 тұрып сабаққа кетеді, ал сабақ 16.20 бітсе, ол үйіне сағат 18.00 жетеді. Кредиттік жүйе бойынша студент 70% білімді өзі ізденіп, меңгеруі тиіс.  Бұл уақытта көптеген мекемелер жабылады.Бұған қоса әр адамның оқудан басқа да қызығушылығы болады, оны да ұмытпаған жөн.  Сонымен қатар, көптеген студенттер отбасының жағдайына байланысты түстен кейін жұмыс жасайды. Арамызда жаңадан отбасын құрған Студенттеріміз де бар. ҚÒ
�рметті Айкан Аканович, жоғарыда айтылған сөздерді жазбастан бұрын көп ойланып барып хат жолдауға бел будым. Сіздің қолдауыңызды күтеміз. Сау болыңыз!

 

Құрметті  Айнур Немасипова!

Қазір 4 және 5 курс студенттердің қалауы бойынша оқу уақытының ұзақтығы қайта қарастырылып жатыр, студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысының сағат саны қысқартылады. Сондықтан да, осы мәселе бойынша оқу департаменттері және кафедра меңгерушілерімен бірге жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚазҰМУ сайтындағы берілетін ақпараттармен үнемі хабардар болып отырыңыз.

 


_ _ _

Loading