Айнур Набатбек

12 Sep 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

От: айнур набатбек <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
салеметсизбе Айкан Аканович. Мен 1 курс студентимин .Бизге жергиликти жердеи медициналык тиркеуден шыкканы туралы талон акелетинимиз туралы айткан болатын. Оны факс аркылы жиберуге болады ма екен ? Мен ОКО Мактарал ауданы Жылы су ауылдык округинде тиркелгенмин . Ол талонды бирден тиркелген жеримнен КазНМУдын медициналык орталыгына жиберуге болады ма екен ? Соны аныгырак тусиндирсениз екен. Жане келеси жылы общежитьяга орналасу ушин кандай уйымдар бар белсенди катысу ушин?

Ответ:

Құрметті Айнур!

Сіз жергілікті жерден медициналық тіркеуден шыққаннан кейін ҚазҰМУ-дың медициналық клиникасының электронды почтасына ([email protected]) тіркеуден шықанның туралы анықтама қағазды тікелей жібере аласыз. Екінші сұрағыңызға жауап беретін болсақ, келесі жылға жатақхана алу үшін төмендегі белгілер болу қажет:

1. Жетім немесе жартылай жетім болса;

2. 1-2 топ мүгедегі болса;

3. Диспансерлік есепте болса;

4. Көп балалы отбасыдан болса (егер кәмелет жасына толмаған бала саны 4 болса);

5. Ата-анасы ажырасып, олардың біреуінің қамқорлығында болса;

6. Ата-анасы 1-2 топ мүгедегі болса;

7. Ата-анасының екеуі де зейнеткер болса;

8. Ата-анасы Ауған соғысына қатысқан немесе Чернобыль апатынан зардап шеккен болса;

9. Оқу озаты болса;

10. Белсенді студенттер қатарында болса (конференцияға қатысып, 1 орын иеленсе, студенттік ұйымдардың белсенді мүшесі болса, университеттің қоғамдық жұмыстарымен белсенді айналысса).

Осы талаптарға сай келсе, оқу жылы басталмай тұрып деканатқа арыз жазып, растаушы құжаттарын тапсырсан болады.


_ _ _

Loading