Абдраш Мырзалиев

09 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Айқан Ақанұлы! Ассалаумұғалейкум!Менің ұлым сіз басқарып отырған еліміздің беделді ұлттық университетінің жалпы медицина факультетінің 2-курс студенті. Айта кететін жайт, сабақ үрдісіне қатысты сұрағым бұл сіздің университетте ұлттық университет болғандықтан қазақ тілі қолданыста бар ма? Елбасымыздың қазақпен қазақ   тілінде сөйлесуі тиіс деген сөзін тілге тиек еткім келіп отыр.
Ұлым сабақты жақсы оқиды ол да сіздердің берген білімдеріңіздің нәтижесі деп білемін. Алайда, осы жалпы медицина факультетіндегі декан орынбасарының қазақ тілді ғана сөйлейтін студенттерге “Менің мазамды алмаңдар, керекпе өздерің түсініп алыңдар”-деп орыс тілінде жауап беріп, қала берсе айғайлап ұрсып беретіні, менің ұлым секілді оралман студенттерге деген сыйламағандық па? Немесе қазақ тіліне деген декан орынбасары Жания Жанбосқызының көзқарасы ма? Осындай ұлттық оқу орынында қазақ тілінің қолданыста жоқтығы ма?

Ответ:

Құрметті Абдраш Мырзалиев!

Жалпы медицина факультетінің 2 курс декан орынбасарымен түсіндіру жұмыстары өткізілді және деканат кеңесінде ескерту берілді.


_ _ _

Loading