От студента

26 May 2011  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

От: Акмарал Кажиева

Cалеметсiз бе Айқан Ақанұлы! Мен С.Ж.Асфендияров университетiнiң стоматология факультетiнiң ақылы бөлiмiнiң 2 курс студентiмiн.Сiзге жанұя жағдайына байланысты хат жазуға мажбүр болып отырмын. Акем – Қазақстан Жазушылар Одағынын мүшесi, 5 жыр жинағы жарық корген ақын,шығармашылық жұмыспен үйде. Анам – 2  топтағы мүгедек, мектеп жасында iнiм бар. Бiздiң отбасымызда ғам гана жумыс iстейдi. Осы әлеуметтiк жағдайыма байланысты Сiздiң тарапыңыздан кандай да бiр көмек болар ма екен? ҚЫЗМЕТIҢIЗГЕ ТАБЫС ТIЛЕЙМIН!!!

Ответ:

Құрметті Ақмарал!

Оқу үлгеріміңізге байланысты бірнеше жеңілдіктер бар. Егер оқу үлгеріміңіз тек 4 пен 5 болса, мемлекеттік грантқа ауысуға немесе төлемақыны төмендету туралы жеңілдік алуға өтініш білдіре аласыз. Деканатқа тапсырылған өтініш негізінде Университетте арнайы құрылған комиссия Сіздің өтінішіңізді қарастырып, тиісті шешім шығарады. Барлық жеңілдіктер тек қана сабақты жақсы оқитындарға берілетінін естен шығармаңыз!


_ _ _

Loading