От студента

28 Jul 2011  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Арман Амиреев

Құрметті Айқан Ақанұлы! Сіздің блогыңыздың ашылуы заманға сай ректорға тән қажеттілік=)))))
Сізге қояйын деген сұрағым? Келесі жылға дейін интернатурада Спорт дәрігері деген мамандық болады ма??(тропикалық, космостық медицина жоқ деп айтқаныңыз есімде).
Қазақстанда спорттық дәрігерлер дайындайтын орталық жоқ, тіпті резидентурада да(Спорттық медицина орталығының директоры орынбасарымен болған сұхбаттан). Ал жуырда Спорт және туризм министрлігінің мәлімдеуінше, елімізде мамандығына сай білім алған спорттық дәрігерлер жеткіліксіз, тіпті жоқтын қасы….. Осыған орай, неге біздің ЖОО Орта Азиядағы Медициналық білім берудің көшбасшысы ретінде бірінші болып, интернатурада Жалпы Медицинадан бастап басқа Университеттер қолға алмай тұрғанда көшбасшы ретінде қолға алмасқа?=))))))

 

Құрметті Арман!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да спорттық дәрігерлер 2010-2011 жылдан бастап резидентурада даярланады. 2011-2012 оқу жылына қабылдау жоспарына сәйкес «спорттық медицина» мамандығы бойынша резидентураға үш орын беріліп отыр. Резидентураға құжаттар 01.07.2011. мен 30.07.2011.  аралығында  қабылданады.

 


_ _ _

Loading