Жулдыз Омарова

30 Nov 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті Айкан Аканович! Мен Семей Мемелекеттік Медицина Университетінің 6 курс интерн-терапевтімін,грант бойынша білім аламын. Отбасылық жағдайыма байланысты сіздердің оқу орындарыңызға ауысуға болады ма және грант сақталады ма? Адын ала жауап бергеніңіз үшін  улкен рахмет!

 

Құрметті Жұлдыз Омарова!

Студент немесе интерн бір жоғарғы оқу орнынан екінші ЖОО-ға жазғы немесе қысқы демалыс кезінде ғана ауыса алады. Ауысу үшін академиялық кезеңді (семестрді) немесе курсты ойдағыдай (академиялық қарызсыз) аяқтауы керек. Сіздің ауысуға жазған өтінішіңіз бойынша сынақ кітапшаңыздың көшірмесі немесе оқу үлгерімі туралы СММУ-дан алған анықтамаңыздың негізінде оқу бағдарламасының сағат және пән айырмашылығы салыстырылады, егер пән айырмашылығы 5 пәннен аспаса, GPA-балыңыз курстан курсқа көшіру балына сай келсе, сіздің өтінішіңізге қол қойылады.

Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқу құқығы мамандығыңыз бен курсыңыз бойынша ауысқан жағдайда ғана сақталады, басқа мамандыққа ауысқан жағдайда сақталмайды.

 


_ _ _

Loading