Жаркынай Аманғалиқызы

30 Mar 2012  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору

Тема вопроса: Учебный процесс

Салеметсіз бе Айкан Аканұлы! Мен ЖОО бітіргенмін. Казіргі уакытта журналист қызметін атқарудамын. Ендігі мақсатым акушер-гинеколог маман болу. Білейін дегенім оқу ақысы және ЖОО бітіргендерге арнйы женідіктер бар ма? 2 курстан қабылдауга болама?

Жауап:

Құрметті Жарқынай!

Екінші мамандық ретінде басқа мамандықты таңдағыңыз келсе, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес тек қана ақылы түрде ғана оқи аласыз. Сіз дәрігер болуды мақсат тұтсаңыз, қазіргі мамандығыңыз ескерілмейді, тек қана бірінші курстан бастап қана оқи аласыз.

Ал төлемақы жөнінде келесідей мәлімдеме: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – ұлттық статусқа ие еліміздегі бірден бір медициналық жоғарғы оқу орны. Біздің университетте білім алып жатқан студенттер үшін биылғы 2011-2012 оқу жылына төленетін ақы көлемі – 770 000 (жеті жүз жетпіс  мың) теңге. Алдағы оқу жылына төленетін оқу ақысын ҚР білім саласындағы уәкілетті орындар анықтайды.


_ _ _

Loading