Жанар Шохаева

05 Oct 2016  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Сұрақ:

Менің сұрағым стипендия жайлы. Мен медицинада оқитын едім биыл 6 курс интерн-врачпын.Медициналық университетке грантпен түстім. Сабағым 4-5. 5 курста ГОСТ экзамен тапсырдық одан өкінішке орай 3 деген баға алдым. Жалпы бұл бағаларым 5 курстың дипломына қойылды. Бізге грант 5+2 болып бөлінген. Енді интернатурада бізге стипендия берілу керек. Интернатура 1 курс сияқты басталу керек. Россияда интернатурада бұл стипендия айлық есебінде төленеді. Ал біздің университетерде бұл стипендияны интерн-врачтарға 5 курста 3 болса бермейді. Алдын-ала рахмет. Осы жайлы толық ақпарат берсеңіздер.

Жауап:

Құрметті Жанар!

Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе аралық аттестацияның нәтижесі бойынша «жақсы» және «үздік» деген бағалар алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы (грант) студенттерге, магистранттарға, интерндерге, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан білім алушыларға тағайындалады.

5 курстың соңғы семестрінде «үш» деген баға алып қалған болсаңыз, шілде, тамыз айларына стипендия тағайындалмайды, ал қыркүйек айынан бастап келесі семестрге дейін интернатурада стипендия тағайындалады. Кейінгі стипендиялар емтихан сессиясының немесе аралық аттестацияның нәтижесі бойынша «жақсы» және «үздік» деген бағалар алған жағдайда тағайындалады.

 


_ _ _

Loading