АРАЙЛЫМ

28 May 2013  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: АРАЙЛЫМ …… <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Саламатсызба Аканов Айкан Аканович Менін білгім келгені медико-профлактика ісі мамандығын бітірген түлектер кайда және қандай жумыс істейді олар врач-эпидемиолог болама? Сэсте жумыс істеуге болама?Осы мамандықтың Қоғамдық денсаулык сактау мамандығынан айырмашылығы қандай?

Салеметсіз бе, Арайлым!

Сіздің сауалыңызға сәйкес 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке жоғары медициналық білім туралы диплом және «Медициналық-профилактикалық іс мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. ҚР МЖМБС 6.08.021-2009 сәйкес, эпидемиология, коммуналды гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология маманы ретінде дербес тәжірибелік қызметке жіберіледі. 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлек оқуын одан әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқылы. 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС 5.04.019-2011 негізінде әзірленген, ҚР Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша енгізілген күні 01.09.2013 жыл, 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бакалаврлары келесі лауазымдарды атқара алады: денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызметтер сапасы бойынша, медициналық қызметтер стратегиясы мен маркетинг бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және әдіснамасы бойынша), денсаулық сақтау саласында персоналмен жұмыс істеу жөніндегі менеджер (hr-менеджмент), қоғамдық денсаулық сақтау маманы (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер), денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімінің жетекшісі, денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары, денсаулық сақтау ұйымының басшысы. 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлек оқуын одан әрі қарай магистратурада жалғастыруға құқылы.


_ _ _

Loading