Алмас Онербек

02 Nov 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Саламатсыз ба. Мен 11 сынып окушымын ендиги жоспарым осы сиздердин оку орындарынызга тусу ол ушин канша бал кандай кужаттар крек екенн аита аласыз ба? Рахмет

Ответ:

Құрметті Алмас Онербек!

2015 жылы С.Ж.Асфендияров ат. ҚазҰМУ Ұлттық жоғары оқу орны болғандықтан 4 пәннен 70 баллдан жоғары жинаған абитуриенттер конкурсқа қатыса алды. Грантқа өту баллдары жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға, бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады. 2016 жылы оқуға түсу ережесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

* білімі туралы құжат (түпнұсқа),

* ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты,

* 3×4 көлеміндегі 6 фотосурет,

* 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама,

* жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Толық ақпаратты edu.gov.kz – сайтта алуыңызға болады (Білім грантын беру ережесі).


_ _ _

Loading