Айнұр Мырзаханова

20 Mar 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Мен Өзбекстан Республикасының азаматымын. Ташкентте медицина академиясында 7 жыл бакалаврды бітірдім. Жанұялық жағдайларға байланысты оқуым қалып қойды.Сізден сұрайын дегенім,1. Сіздің университетінізге акушерство және гинекология бойынша интернатура,резидентура-да оқи аламын ба? 2.Оқуға мүмкіндік болса грант-қа мүмкіндік бар ма? Егер жоқ болса жылына қанша ақша төлеу қажет? Және құжаттарды қай кезде тапсыру керек? 3. Мен бітірген 7 жылдық бакалаврдан кейін міндетті түрде сіздердегі сияқты бірінші интернатура 2 жыл, сосын резидентура 2-3 жыл оқу қажет пе?

Ответ:

Құрметті Айнұр Мырзаханова!

Университет интернатурасына медициналық жоғарғы білімі бар немесе қолданыстағы заңмен бекітілген медициналық білімі (бакалавриат) бар ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ үміткерлер конкурстық негізде қабылданады.

. Интернатураға түсуге өтініш жазған үміткерден талап етілетін құжаттар:

-Интернатураға қабылдау үшін Университет ректорының атына жазылған өтініш;

– медицина бакалаврының дипломы және дипломның қосымшасы (транскрипт) (тұпнұсқасы),

Медициналық жоғарғы білімді шетелде алған азаматтар белгіленген тәртіп бойынша (қажет болған жағдайда) шет мемлекеттің білім алғаны туралы құжатын және оның қосымшасын ресмилендірілген (легализованных) тұпнұсқасын тапсырады (егер соңғысы білім алғаны туралы құжат берген мемлекеттің заңында қарастырылған болса), шет мемлекеттің білім алғаны туралы құжаты және оның қосымшасы белгіленген тәртіп бойынша орыс тіліне аударылып, расталған болуы қажет, сонымен қатар ҚР қолданыстағы заңында қарастырылған жағдайда шет мемлекеттің дипломы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің ҚР кәсіби жоғарғы білім туралы құжаттарына сәйкес келетіні туралы куәліктің көшірмесі болуы керек;

-ҚазҰМУ-дің интернатурасына өту GPA балы -3,33 (В+);

-жекеленген мамандықтар бойынша («Хирургия», «Акушерия және гинекология») GPA балы – конкурсқа қатысқан үміткерлердің балына байланысты есептелінеді;

-бакалавриатта оқығын барлық кезеңді қосқанда (5 жылдық) орташа балл 3,0- «В» болуы керек;

-таңдаған бағыт (мамандықтар) бойынша ғылыми үйірмелерге, ғылыми конференцияларға қатысқаны туралы куәлік (сертификат);

-таңдаған компонент бойынша пәндер бар портфолио қажет, олар пререквизит немесе инернатурадағы таңдалған бағытқа қатысты пәндер болуы керек;

-3х4 көлеміндегі фотосурет (күңгірт-матовая);

-жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлік, төлқұжат және әскери билет), шетел азаматтары ҚР-ға кіру рұқсат қағазымен (виза на въезд) келген жағдайда ҚР аумағына кіру рұқсат қағазының (виза) көшірмесі;

-жеке басты куәландыратын құжатты, үміткердің өзі көрсетуі керек.

2 жылдық интернатураны бітіргеннен кейін ғана резидентураға түсе аласыз. Акушерия және гинекология бойынша резидентурада оқу мерізімі 3 жыл.

Интернатурада оқуды ақылы түрде оқисыз. Оқу ақысының мөлшері жыл сайын өзгеріп отырады. 2014-2015 оқу жылы интернатурада оқу ақысы 770100 тенге болды.


_ _ _

Loading