Даулет Насирулла

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Саламатсыздар ма? Мен 2016 жылы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетін “құрылысшы” мамандығы бойынша грантта оқып бітірдім. Қазіргі таңда жеке компанияда жұмыс жасаймын.
Менде мындай сұрақ бар еді. Егер биыл КТА-тапсырып сіздердің университеттеріңізге “стоматология” мамандығына грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма?
Яғни мемлекеттік грант екі рет беріле ме?

Ответ:

Мемлекеттік грант екі рет берілмейді, тек ақылы түрде.

Donghyun An

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Hello
Im from south korea and really interested in kaznmu. Currently im 4th grade in nursing school.
My question is

1.Can international student who doesnt have a permanent residency or citizenship get a kazakhstan doctor license after graduate?

2. I graduated high school in 2014 february, but i got general science(include physics ,chemistry and biology but subject name is general science), biology and earth science. But in university i got biochemistry, pathology, microbiology, pharmacology. Then when i apply, i send both of my high school and university academic transcript?

3.can i transfer after i got my bachelor of nursing? If can, in what grade?

Thank you for reading. I really look forward the reply

Ответ:

Dear Donghyun An
First of all thank you for your interest in our Asfendiyarov Kazakh National medical University!

1) To get a kazakhstan doctor license you have to graduate from a Kazakh medical university.

2) You should send just your university academic transcript. We will compare it with our educational program. And after that we’ll be able to identify in what grade you can be enrolled.

Гаухар Шарипова

13 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе? Мен ҚазҰМУ терапия бөлімінің 7курс интернімін. Резидентураға гинекология мамандығына тапсырғым келеді. Пререквизит 2 кредиттен 2 сабақ екенін сайттан көрдім. Сонда 1 кредит ақшасы қанша болады және мен 2017 қыркүйек айына дейін оқып үлгере аламын ба?

Ответ:

Сәлеметсізбе Гаухар!

«Терапия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған және резидентураның «Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар» мамандығына түсуге өтініш білдіретін үміткерлер төмендегідей пререквизиттерді меңгерулері тиіс – Жалпы хирургия – 2 кредит және Клиникалық анатомия – 2 кредит. 1 кредиттің құны 18.900 теңгеге тең.

Жоғарыда айтылып өткен пререкзиттерді қабылдау комиссиясына құжаттар тапсырылғанша меңгерілу керек. Резидентураға құжаттар 10 мен 30 шілде аралығында қабылданады.

Пререквизиттерді меңгеруге өтініш 2017 жылдың 01 сәуірінен бастап, дипломнан кейін білім беру факультеті деканатының 205 кабинетінде қабылданады.

Пререквизиттерді меңгеріп болған соң құжат беріледі.


Здравствуйте Гаухар!

Претенденты, закончившие интернатуру по специальности «Терапия» для поступления в резидентуру на специальность «Акушерство и гинекология, в том числе детская» должны освоить следующие пререквизиты – Общая хирургия – 2 кредита и Клиническая анатомия – 2 кредита. Стоимость 1 кредита 18.900 тг.

Освоить преререквизиты необходимо до сдачи документов в приемную комиссию. Прием документов в резидентуру ведется с 10 по 30 июля.

Заявления на освоение пререквизитов принимаются с 01 апреля 2017 года в деканате факультета последипломного образования, кабинет 205.

По окончании освоения пререквизитов будет выдаваться документ.

Даулет Аблязов

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Оқу бағасы өте Қымбат ! Қазақ жастары үшін мүлдем қол жетімсіз !Айта кетерлігі Қабылдау бөліміндегі жүйкесі жұқарған адамдарды ауыстырыңызшы сондай ашуланшақ және абитурентпен ұрсысуға дайын! Мен бұл Университет арманым еді бірақ өкінішке орай түсе алмайды екем ! Оқыңызшы осыны және жауап  немесе нәтиже шығарыңызшы ?!

Ответ:

Сәлеметсіз бе, құрметті Даулет Аблязов!

Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы – ұлтыңыз қазақ болып табылып, мектеп немесе колледж түлегі болсаңыз, сіздің ақысыз бөлімге (мемлекеттік білім гранты бойынша) конкурсқа түсуге толық құқығыңыз бар. Ол үшін сізде осы 2017 жылы өтілген Бірыңғай Ұлттық тестілеу немесе Кешенді тестілеу нәтижелерінің (65 баллдан жоғары) сертификаты болуы керек.

Кешенді тестілеу колледж түлектері, өткен жылдардағы мектеп бітірушілер, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш 1 маусым мен 20 маусым аралығында қабылданады.

Оқу төлемақысының көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ұлттық» статусқа ие болғандықтан басқа ЖОО қарағанда оқу төлемақысы жоғары.

Сізбен орын алған жайт үшін кешірім сұраймыз. Қабылдау комиссиясының хатшыларымен әңгіме жүргізілді. Басқа сұрақтарыңыз болса, мына телефондар арқылы хабарласуыңызға немесе Қабылдау комиссиясына келіп сұрауыңызға болады: 338-70-27, 338-70-95.

Милена Тамова

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Добрый день! Мне бы хотелось узнать минимальный балл на грант? (общая медицина и фармация)

Ответ:

Добрый день, Милена!
Пороговый балл на договорное отделение любой специальности составляет 65 баллов (из них не менее 15 баллов по каждому профильному предмету и не менее 5 – по общепрофильным предметам). Проходной балл на грант станет известным на конкурсной основе после его проведения. Для участия в конкурсе необходимо набрать пороговый балл (65 б.) .

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Без рубрики

Вопрос:
Қайырлы күн! Менің қызым, ОМ 1-курс студенті №2 жатақханада 1-2 ай тұрып, содан үйге көшті. Жатақхананың бір жылдық ақысын төлеп қойған едік. Кейін қалған соманы қайтарып береміз деген соң қызым қажетті құжаттарды дайындап өткізген. Бірақ сабақтан қол тимей кетіп сұратқан лицевой счетті өткізбеген. Содан ба, қайтаруға тиісті 26 мыңнан аса ақшаны алған жоқпыз. Лицевой счетті қай бөлімге апарып өткізсек болады, өйткені бәрі өзгеріп кетіпті. Алдын ала рахмет!

Ответ:

Қайырлы күн, жатақханаға артық төлеген ақшаны қайтаруга кажетті кұжаттарды 5 оқу бөліміндегі 118 кабинетке алып келуіңізді өтінеміз. Бүгінгі күнде артық төлеген ақшаны қайтаруға байлынсты шараларда еш өзгеріс болған жоқ.

Қажетті құжаттар тізімі:

1.Ақшасын қайтару туралы бұйрық

2.Жатақханада тұрғын алаңын жалдау Келісім шарты

3.Ақшасын қайтрауға жазған өтініш

4.Жеке құжаттың көшірмесі

5. Банке төлеген түбіртектің түп нұсқасы

6.Банк Центр кредиттен ашқан лицевой счет.

Оксана Тимофеева

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Добрый день. Хотела бы уточнить- КТА сдаётся по каким предметам? И если по семейным обстоятельствам не смогу сдать КТА в июле, возможно ли сдать в августе? Спасибо

Ответ:

Добрый день! Просим извинения за поздний ответ. В текущем году Комплексное Тестирование (КТ) сдается по 5 предметам: 3 общепрофильных – история Казахстана, математическая грамотность и грамотность чтения, также 2 профильных предмета – биология, химия. Согласно Типовым Правилам, если абитуриент не сдает КТ в июле, он не может учавствовать в повторном КТ.

Асет Хасенов

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Сәлеметсізбе! Мен Фельдшермин. Мед.колледжді 2016 жылы Семей қаласында бітірдім. Сіздердің оқу орындарыңызға Жалпы медицинаға түсу үшін қандай пәндерден КТ тапсырамын? КТ-ның жаңа форматы туралы және дайындық курстары туралы мәлімет бере аласыздарма? Рахмет!

Ответ:

Қайырлы күн! Хатыңызға кеш жауап қатқанымыз үшін кешірім сұраймыз. “Жалпы медицина” мамандығына түсу үшін Кешенді Тестілеу (КТ) 5 пән: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, және 2 бейіндік пән – биология, химия пәндері бойынша жүреді. КТ жаңа форматына сәйкес 120 сұрақ: әр пәннен 20 сұрақтан, бейіндік 2 пәннен 30 сұрақтан келеді (20 сұрақ – 1 жауапты,10 сұрақ – бірнеше жауапты), барлығы 140 балл. Университетте дайындық курсы жоқ.