October 2014 - Page 7 of 11 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за October, 2014

Дәурен Серикбай

07 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Дәурен Серикбай <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Құрметті, Айкан Аканұлы мен агрономия мамандығы бойынша 1 курс студентімін грантта оқимын 1-семестрден кейін медициналық мамандыққа сіздің университетке ауысуға мүмкіндік бар ма?

Ответ:

Құрметті Дәурен!

 Білім алушы бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде тек ақылы бөлімге қабылданады. Егер, Сіз медициналық мамандыққа ауысқыңыз келсе мемлекеттік білім грантынан айырыласыз. Ұлттық университетке ауысу үшін білім алушының үлгерімі жақсы және үздік болу керек, ҰБТ немесе КТ сертификатының балы 60-тан жоғары болу керек. Басқа ЖОО-на ауысу тек қысқы және жазғы демалыс күндерінде жүргізіледі. 1 семестрден кейін ауысу үшін екі ЖОО-ның демалыс күндері сәйкес келу керек. Сәйкес курсқа қабылдану үшін оқу бағдарламасындағы айырмашылық негізгі компоненттің 5 пәнінен аспау керек.






Жанна Островерх

07 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Жанна Островерх <[email protected]>

Тема вопроса: От абитуриента

Вопрос:
Уважаемое Руководство Университета. Поздравляю Вас с наступающим Днем Учителя, Желаю Вам крепкого здоровья, мира в ваших домах, процветания нашей стране.
У меня небольшой вопрос есть ли в вашем Вузе заочная или вечерняя форма обучения на факультете “ФАРМАЦИИ”, хочу получить второе высшее, первое высшее образование экономическое, если есть такая форма напишите примерную стоимость обучения. Заранее спасибо буду ждать ответа.

Ответ:

Здравствуйте Уважаемая Жанна!

 Спасибо за поздравления.

К сожалению, на фармацевтическом факультете по специальности «Фармация» отсутствует заочная и вечерняя форма обучения, и в связи с этим Вы не сможете получить образование по заочной и вечерней формам обучения.






Олжас Бекбергенов

07 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Олжас Бекбергенов <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Қайырлы күн! Мен Астана Медицина Университетинің МПД мамандығының 2 курс студентімін. Сіздерге қысқы демалыс кезінде стоматология мамандығына ақылы бөліміне түскім келеді. Сабақтардың барлық айырмашылықтарын тапсырамын, мені қабылдайсыздарма?

Ответ:

Сәлеметсізбе Олжас

 Олжас Сіз 2012 жылғы 19 қаңтардың №110 бұйрығы бойынша «Типтік білім беру ұйымдарында білім алушылардың ауысу және қайта қабылдану ережесіне» сәйкес алдымен Астана Медицина Университетінен оқыған сабақтарыңыз бойынша тіркеуші офис кеңсесінен транскрипт және ҰБТ сертификатының көшірмесін алып, ауысқыңыз келген факультеттің деканатына келіп пән айырмашылығыңызды есептетесіз. Егер пән айырмашылығы 5 пәнен аз болған жағдайда жалғастырып оқи аласыз, ал көп болған жағдайда бір курсқа төмендейсіз. Сонымен қоса ҰБТ сертификатыңыздағы балл 60 төмен болған жағдайда Ұлттық университетке ауысу құқығынан айырыласыз. Кайта қабылдау және ЖОО ауысу студенттердің тек жазғы және қысқы каникул уақытында жүзеге асады.

Іске сәт.






Маржан Есимова

06 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Маржан Есимова <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
2ши семестрде баска группага ауысуга бола ма?

Ответ:

Құрметті Маржан Есимова!

Топтан – топқа анықтау оқу жылының басында ректордың бұйрығымен анықталады. 2 –ші семестр оқу жылының ортасы болғандықтан топтан – топқа ауысу болмайды.






Айгерим Токбулатова

06 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Айгерим Токбулатова <[email protected]>

Тема вопроса: От студента

Вопрос:
Курметти Айкан Аканулы!!!Сизден сурайын дегеним 4 курс жалпы медицина факультетинен медико-профилкатикага  4 курсына ауысуга болама?Сабактын айырмашылыктарын окимын ба?

Ответ:

Сәлематсіз ба Айгерим!

 Жалпы медицина мамандығынан 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына ақылы түрде ауысуға болады, бірақ оқу бағдарламасындағы айырмашылықтар 5 пәннен артық болмау керек, егер болған жағдайда сіздің келісіміңіз бойынша 1 курс төмен оқисыз. Ауысқыңыз келсе, қысқы және жазғы демалыс уақытында қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің деканатына келіп хабарласыңыз.