Monday October 13th, 2014 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за October 13th, 2014

Айдана Нурболаткызы

13 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Айдана Нурболаткызы <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Құрметті, Айқан Ақанұлы! Мен, 6 курс студентімін.
Міне, көптен күткен интернатураға да жеттік.Өзіңіз айтқандай өмір – сүзгі…Біздің көптен шығып, сүзгіден өтіп, келе жатқанымыздың куәсі бірден бірі сіз! Сіздің және ұжымыңыздың ерен еңбегі мен маңдай терімен университетіміз бой түзеп, тіпті жылдан жылға өркендеп келеді.Оқу ордасының қабырғасында әрқайсысымыз үшін бес жылымызда тарих болып қалмақ.Қуаныш та, қайғы да, қиыншылық та барлығына ғимаратымыз куә… Ойласақ, біз оқуға түскенде қандай еді, қазір қандай? Тіпті салыстыруға да келмейді.Сізбен бірге өткен интерндердің жиналысында болд
 ым.Айтқан сөздеріңіз тіпті толғандырды. Денсаулықтан тест тапсырып,мейірбике және фельдшер сертификаттарын бірден алдық.Осыған орай сізге қоятын сұрақтарым бар еді.


Олар:

1. Біз университетте оқып жүріп жұмыс жасай аламыз ба?

(Біздің университеттің жартысынан көбі дерлік отбасы құрған.Мысалы, мен күйеуіміз екеуіміз де студентпіз.Отбасы жағдайынабайланысты көбімізге жұмыс жасауға тура келеді.Әрине сабақтан қалмаймыз. Тек түнге ғана(ночь) ауысымды тәртіпте жұмыс жасаймыз және сенбі жексенбіде толық тәулікке(суткага) шығуға тура келеді.Сертификатымызды да алдық.)

2.Сенбі күнгі тестті жұма күнгі сабақтан кейін қалып, сағат 18-00 ге дейін тапсырып кетуімізге рұқсат беруіңізді сұраймыз.

Біздің сабағымыз сағат 8-00 – ден 16-30 – ға дейін болады.Сенбі күні тек тест тапсыруға ғана келеміз емдеу мекемелеріне, яғни сабаққа.Таңертең келіп кетеміз 9-00 – ден 11-00 – ге дейін.Уақытты үнемдеп сенбі күні жеке жұмыстарымызбен, білім жетілдірумен,отбасымен,оқытушылардың берген тапсырмаларымен айналыссақ.

3.Бізді, яғни интерн-акушер-гинеколог,интерн-хирургтарды жексенбі күнге тәуліктік кезекшілікке (на дежурству) қою дұрыс па?
Бұл сұрақтар көбімізді толғандырып жүр.Жауап күтемін.Алдын ала рахмет.

Ответ:

Ответ на блог ректора Айдана Нурболаткызы