Friday April 19th, 2013 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за April 19th, 2013

Асемгуль Сапаргали

19 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 Уважаемая Асемгуль Сапаргали!

Для поступления на грант  вам нужно  будет сдать комплексное тестирование (КТ), так как результаты ЕНТ считаются действительными только на 1 год. Свои научные проекты и грамоты вы можете предоставить приемной комисии при сдаче документов.

Поисковые слова:

  • жоғарғы оқу орындарына түскен грант иегерлерінің тізімі 2013
  • Грант иегерлеринин тизими 2015
  • 2013 жылғы грант иегерлерінің тізімі
  • грант иегерлери 2015
  • грант иелеринин тизими 2015
  • 2014 грант иегерлери
  • Грант тизими 2015





Гульпара Нурмашева

19 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 Вопрос ректору
От: Гульпара Нурмашева <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Мой сын студент 1 курса казахско-русского медунивера в алматы,  хочу перевести его в ваш универ на стом. фак. Возможно ли это, к кому обратиться? Мой сын студент стом. фака 1- курс на платной основе оплату гарантирую спасибо жду ответа  

 

Уважаемая Гульпара Нурмашева!

Ваш сын имеет возможность перевестись в КазНМУ на платной основе, для этого вам нужно обратится в деканат стоматологического факультета, где вы можете получить всю информацию о переводе. 

 

 






Анар Жайпанова

19 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 Вопрос ректору
От: Анар Жайпанова <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Құрметті, Айкан Аканович!
Мен 1984 жылы Стоматология факультетін бітірген болатынмын. Дипломның қосымшасын (приложения)жоғалтып алуыма байланысты, қайтадан көшірмесін алуыма бола ма? Оның тәртібі қалай болады?
Уақытыңызды алғаныма кешірім өтінемін, қосымшаның (дубликат приложении) көшірмесін алуыма ықпал етуіңізі сұраймын.
Жайпанова Анар Жундибаевна

 

Құрметті Анар Жайпанова!

Дипломның қосымшасын қайта қалпына келтіру үшін, университеттің мұрағатына өтініш беруіңіз қажет. Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болуы керек: жеке куәлік, диплом және бар болған жағдайда  диплом қосымшасының көшірмесі.

 






Бекарыстан Азилхан

19 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Бекарыстан Азилхан <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Саламатсыз ба?Мен кұдай қаласа 11 сыныпты бітіргелі жатырмын.Және ҰБТ тапсырып сіздердің жоғарғы оқу орындарынызға грантка туским келеді.5 пәнім “Биология”.Сұрағым келгені сіздерде осы пән бойынша қандай мамандықтар бар және ол мамандақтарға түсу балы кандай?

Құрметті Бекарыстан Азилхан!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.01.2008 ж. №58 қаулысымен бекітілген  (30.03.2012 ж. № 390) жоғары оқу орындарына білім алу гранттарын тағайындау Ережелерінің 5-5 тармағына сәйкес  2012 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық жоғары оқу орындарына қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу барысында 70 баллдан жоғары, басқа жоғары оқу орындарына 50 баллдан жоғары жинаған үміткерлер білім алу грантына конкурсқа қатыса алады. Биология пәнін таңдаған талапкерлер: жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі мамандықтарына өз құжаттарын тапсыра алады.  

 

 

 

 

 






Яхия Жарылқасын

19 Apr 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Яхия Жарылқасын <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Айқан аға мен ҚазҰМУ-дың жалпы медицина факультетіне түссем деп едім.Оқу жылы қанша мерзім құрайды?Ауылдық квота қарастырылғанба?Әскери кафедра барма?Оны оқысам военный билет ала-аламба?2012 жылғы жалпы медицина факультетіне өту балы және грантқа өту балы қанша болды сол жайлы айтып берсеңіз?Грантқа өту қалай шешіледі?

Құрметті Жарылқасын Яхия!

Біліктіліктер мен лауазымдар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2002., №273-П бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес және басқа да нормативті құжаттармен айқындалады.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған тұлғаға жоғары білімді білікті дәрігер дипломы беріледі. Осы дипломмен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама,    интернатурада дайындықтан өткені туралы куәлік беріледі. 

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған бітіруші заң тұрғысынан бекітілген жалпы дәрігерлік практика немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес практикалық қызмет етуге рұқсат беріледі.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша НМБ (5+2) бітірген бітіруші магистратура немесе резидентурада білімін жалғастыруға құқылы.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды тәмамдаған бітірушіге клиникалық іс-практикамен байланысты емес өз мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін жоғары медициналық білімді «бакалавр»  академиялық дәрежесіне иегер  дипломмен бірге оқу жоспары бойынша игерілген несие және академиялық сағаттар көлеміне сай меңгерген пәндер тізімі мен бағалары туралы академиялық анықтама беріледі. Медицина бакалавры оқуын магистратурада жалғастыра алады.

Ауылдан мектеп бітіріп келген талапкерлерге жеңілдік бар.

Әскери дайындық 2 курстың 2 семестрінен басталады және оған баруға студенттерге кейбір талаптар қойылады, студенттердің шектеулі саны ғана өтеді. Дайындықтан мүдірмей өткен студенттерге әскери құжат беріледі.

Келесі сұрақтарды осыған дейін жазған хатыңызда да қойғансыз. Одан бері ереже өзгерген жок.

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың жоғарғы және төменгі баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.