Tuesday August 2nd, 2011 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за August 2nd, 2011

От абитуриента

02 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Сымбат Исаева <
[email protected]>
Саламатсыз ба , құрметті Айқан Ақанұлы! Мен осы жылғы мектеп бітіруші талапкермін. Егерде жалпы медицина мамандығына грантка түскен жағдайда қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына ауыса аламын ба?
Ондай кезде грант сақталады ма?

 

Ответ:

Құрметті Сымбат!

Егер сіз «Жалпы медицина» мамандығына мемлекеттік грант бойынша түссеңіз, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына (медициналық-профилактикалық факультеті) тек ақылы негізде ғана ауыса аласыз. Себебі, сіз алып отырған грант тек «Жалпы медицина» мамандығына берілген грант болып табылады. Сондықтан ол грантты басқа мамандыққа ауыстыруға болмайды.

 

 

 






От абитуриента

02 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Ермек Сураншин

Ассалаумагалейкум Айкан Аканулы!Сизге бир сурагым бар!Мен Костанай каласынын казак мектебын битирдим!Енди сиздин ЖОО-да орыс болиминде окыгым келеды!Бирак биздин кужаттар кабылдайтын жердегилер орыс болимине типти болмайды, конкурсын куйеды деп айтты!Енди сизден накты жауабын билгим келеди!Алдын ала коп рахмет! Шыгармашылык табыс тилеймин!

Ответ:

Құрметті Ермек!

Сіздің қазақ мектебін бітіріп, ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыра отырып, автоматты түрде жоғары оқу орнында оқу тілін таңдадыңыз. Егер сіз мемлекеттік грант бойынша орыс бөлімінде оқығыңыз келсе, келесі жылы орыс тілінде кешенді тест тапсыруыңыз керек. Ал ақылы негізде оқитын болсаңыз, орыс бөлімін таңдай аласыз.

Поисковые слова:

  • Кешенди тест
  • кешенді тест 2012