Friday June 24th, 2011 - Page 2 of 2 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 24th, 2011

От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Бану Келерхан

Құрметті Университет ұжымы! Егер қысқаша сұрасам: Астана қаласының медициналық оқу орнының грант иегері 1-ші курстан соң Алматы қаласына Сіздерге ауыса ала ма? Ауыса алса, қандай талаптары бар? Рахмет.

Жауап:

Құрметті Бану!

Сіз бірінші курстан соң пәндер айырмашылығы 5 пәннен артық болмаған жағдайда, сол айырмашылықты тапсыру арқылы ҚазҰМУ-ға ауыса аласыз.






От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Сымбат Муратова

Саламатсыз
ба, сізге қоятын сауалым: мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден орыс тілі пәнінің балын алып тастағанда 84 балл жинадым. Таңдаған пәнім – биология. Осы жинаған балл С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіндегі “Жалпы медицина” факультетіне немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығына грантқа түсуіме мүмкіндік бере ме? Алдын ала рахмет сізге!!!

Жауап:

Құрметті Сымбат!

Біздің университеттегі қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына грантқа түсу үшін қабылдану балдары әр жылы әртүрлі болады. Биылғы жылдың балдары былтырғы жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сол себепті Сізге қазір нақты жауап бере алмаймыз. Құжаттар толық қабылданған соң, конкурстық байқаудан кейін ғана грантқа түсе алатын балдар белгілі болады. Қосымша ақпаратты біздің университет сайтынан қарауыңызға болады.






От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Назгуль Сагындыкова

Салеметсизбе Ақанов Айқан ағай! Мен сізге Актау қаласынын жас түлегі алдымен еңбегіңізге жеміс тілеймін. Сізге кояр сауалым: Менің бар арманым – осы жоғары оку орнында оқу. Менің ҰБТ-дан жинаған балым 106 орыс тилин шегергенде – 86. Мен осы ұпаймен сіздерге ақысыз грантқа түсе аламын ба? Және де қай саласына?

Жауап:

Құрметті Назгүл!

Біздің университетке грантқа түсетін-түспейтініңізді қазір айта алмаймыз. Себебі, әр жылы түсу баллы әртүрлі болады. Бұл құжаттарын тапсырған барлық абитуриенттердің балдарына байланысты. Сол себепті, Сіз өз құжаттарыңызды тапсырып болған соң ғана, конкурстық байқау қорытындысында ғана біле аласыз. Қосымша ақпаратты біздің сайттың «Абитуриент» бөлімінен қарауыңызға болады.