Әділбек Камалов

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсызба Айқан Ақанұлы, мен Өзбекстан азаматымын үлтым қазақ қазір медицина коллежінде бітіруші курста оқимын.Сіздің университетіңізге тапсырмақшымын.Қандай қүжаттар керек болады және қашан тапсырамыз осы жайлы айтып берсеңіз алдынан рахмет

Ответ:

Саламатсыз ба Әділбек! Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау Ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азамат ретінде Сіздің кешенді тестілеуге қатысып, мемлекеттік грантқа ие болуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін 20 маусым – 9 шілде аралығында сіз университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыруыңыз керек:

* белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (қабылдау комиссиясында беріледі);

* жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа);

* тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

* 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

* 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

* жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні (медициналық мамандықтар үшін – биология, фармация үшін – химия).


_ _ _

Loading