Қоблан Қоспанбетов

17 Jun 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Салеметсізбе Құрметті Айқан Ақанұлы! Біздің айтайын дегеніміз
Шет ел студенттері жайлы болмақ. Біздегі ауған, иордан студенттеріне бір шара қолданып, бізге деген, қазақ жұртына деген сый көрсетуін қалаймыз, сұраймыз. Өз жерімізде жүріп, өз университетімізде жүріп, шет ел студенттерінен сөз ести-ести шыдамымыз таусылды. Жатақханада бізге кіруге рұқсат жоқ жерлерге оларға рұқсат, вахтадағы апайларымызға деген құрмет жоқ, қалай болса солай, қазақ қыздарын мазақ қылады, ішіп келеді және бар дауыстарымен айқайлап, түнімен топ-топ болып билейді, күзет келеді, олда ештеңке бітіре алмайды, себебі: олар қонақтар! Оларды ұрысуға болмайды, себебі: халықаралық түсініспеушілік болып қалады деп апайларымызда үндемейді!

Ответ:

Құрметті Қоблан!

Сіздің сұрағыңызға рахмет.

Сіздің шағымыңыз бойынша 02-04.06.2015ж. аралығында университет Әкімшілігі (факультеттердің декандары, Студенттердің-әлеуметтік мәдени құзыретін дамыту Департаменті,ӘТЖЖБ жетекші маманы, декан орынбасарлары) жатақханада тұратын студенттермен (оның ішінде шетел студенттерімен) жиналыс жүргізді.

Аталған жиналыста келесідей шешім қабылданды:

Барлық студенттер тең. Университет әкімшілігі жатақханада тұратын студенттердің ерекшеліктеріне қарап жеңілдік жасамайды. «Жатақханада тұру ережесін» бұзған барлық студенттер, сонымен қатар шетел студенттері де өз әрекеттеріне толықтай жауапкершілік алады. «Ішкі оқу тәртіп ережесін», «Жатақханада тұру ережесін» және «Жалға алу типтік келісім-шарт» талаптарын бұзған студенттерге, бұзушылықтың ауырлығына қарай қатаң түрде жаза қолданылады (сөгіс, жатақханадан шығару, университеттен шығару т.б.).

Бұл шешім хабарландыру түрінде ҚазҰМУ-дың әрбір жатақханасында жарияланған.


_ _ _

Loading