ШОЛПАН

10 Dec 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсызба құрметті Айкан Аканович!
Сізге қояр сұрағым, мед.колледжді бітіргеннен кейін жалпы медицина саласына түсетін болсам,қаншасыншы курстан оқуды бастаймын?

Ответ:

Құрметті Шолпан !

Сіз колледжден кейін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де оқыңыз келсе, кешенді тест тапсыруыңыз қажет.

ҚазҰМУ Ұлттық жоғары оқу орны болғандықтан 4 пәннен 70 баллдан жоғары жинаған абитуриенттер конкурсқа қатыса алды. Мемлекеттік грант баллдары жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға, бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады.

Кешенді тесті, жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерден өткен жағдайда, «Жалпы медицина» факультетінің 1 курсына қабылданасыз.

Жалпы медицина факультетінің деканы Джумашева Р.Т.


_ _ _

Loading