Танашқызы Анель

07 Jul 2016  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, Перевод в КазНМУ

Вопрос:
Сәлеметсіз бе! Мен Танашкызы Анель 6 курс терапия факультетінің дәрігер-интернымын. Отбасылық жағдайыма байланысты, Семей қаласына оқуымды ауыстырғым келеді. Бірақ, зам. деканымыз өз грантыңды осында қалтырасың дейді. Біз оқуға түскен кезде Үкімет бізге грант бөліп берді ғой. Неге мен грантпен басқа ВУЗға ауыса алмаймын? Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін.

Ответ:

Танашқызы Анель!

Әр оқу орнына білім грантына квота бөлінеді. Сіз ҚазҰМУ бөлінген(квота) білім грантымен оқыдыңыз, сондықтан Сіз 6 курстан кейін Семей қаласына ауысқыңыз келсе, ҚР 20 қаңтар 2015 жылғы №19 «білімалушылардың ауысуы және қайта қабылдануы туралы Ережесін бекіту » туралы Үкімет Қаулысына сәйкес ақылы түрде ғана ауысасыз.


_ _ _

Loading