Сандуғаш Бейсенова

21 May 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Саламатсыз ба, құрметті Айкан Аканович. Мен осы жылы мектепті бітіріп, сіздердің университеттеріңізге фармация факультетіне түсуді жоспарлап жатырмын. Осы мақсатта менің сұрақтарыма жауап бере аласыз ба?
1) Фармация факультеті үшін ҰБТ-дан қанша балл болу керек ?
2) Биылғы бөлінген грант саны қанша?
3)Және ағылшын группалары бар ма? егер болса стипендия көлемі қазақ группаларынан көп болады ма?

Ответ:

Саламатсызба Сандуғаш!

Сіздің 2015 жылдың мамыр айының 12-ші жұлдызында жазған сұрағыңыз бойынша мына мәліметті ұсынамыз:

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 70 балл, Фармация факультеті үшін ҰБТ-дан 70 баллдан кем болмау, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.

Фармацевтика факультетінде ағылшын тілінде оқытылатын арнайы топтар бар. Жоғары оқу орындарында, сонымен қатар қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі топтарының студенттерінің стипендия көлемін біркелкі тарифпен ҚР БҒМ бекітіп төленеді.


_ _ _

Loading