От студента

11 Mar 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Айтжан Латипов <[email protected]>

Сәлеметсіз бе, Айкан Аканулы!!! Мен Жалпы медицина факультетінің 5-курс студенті боламын. Атқарып жатқан істеріңізге сәттілік тілей отырып, сізге қояр мазалап жүрген сұрақтарым бар еді. Осыдан бір ай бұрын сізге бұл сұрақтарымды жолдаған едім, бірақ жауап келмеді. Техникалық қателіктер кеткен шығар. Дегенмен, тағы да үмітпен жолдап отырмын.
1) 5-курстан кейінгі 6, 7-курстарда окылатын интернатура мамандықтарының бірі – “Гигиена-эпидемиология мамандығы бойынша болашақта СЭС мекемелерінде жұмыс істеуге бола ма? Басқа қандай салада жұмыс істеуге болады?
2) 5-курстан кейін магистратурада “Менеджмент” мамандығы бойынша “жалпы медицина – бакалавр” дипломымен білімімді жалғастыра аламын ба?
Сұрақтарыма жауап береді деген үміттемін

Жауап:

Құрметті Айтжан!

  1. Сіз 5-ші курсты Жалпы медицина факультетін бітіргеннен кейін 6,7 курстарда Гигиена-эпидемиология мамандығы бойынша интернатура бөлімін таңдасаңыз келешекте санитарлық эпидемиолгиялық қадағалау басқармасында жұмыс істей аласыз.
  2. Сіз, «Магистратураға түсу ережесінің» жалпы негіздемесі бойынша, мемлекеттік тапсырыс негізінде 2009 жылғы ҚР МЖМБС сәйкес «Медицина» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша магистратураға түсу мүмкіндігіңіз бар.

«Менеджмент» мамандығы бойынша мемлекеттік грант берілмеген, бірақ сіз ақылы негізде білім ала аласыз.

 


_ _ _

Loading