От абитуриента

24 Jun 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Сымбат Муратова

Саламатсыз
ба, сізге қоятын сауалым: мен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден орыс тілі пәнінің балын алып тастағанда 84 балл жинадым. Таңдаған пәнім – биология. Осы жинаған балл С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіндегі “Жалпы медицина” факультетіне немесе “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығына грантқа түсуіме мүмкіндік бере ме? Алдын ала рахмет сізге!!!

Жауап:

Құрметті Сымбат!

Біздің университеттегі қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына грантқа түсу үшін қабылдану балдары әр жылы әртүрлі болады. Биылғы жылдың балдары былтырғы жылмен сәйкес келмеуі мүмкін. Сол себепті Сізге қазір нақты жауап бере алмаймыз. Құжаттар толық қабылданған соң, конкурстық байқаудан кейін ғана грантқа түсе алатын балдар белгілі болады. Қосымша ақпаратты біздің университет сайтынан қарауыңызға болады.


_ _ _

Loading