Жексенбай Салиев

25 Aug 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Жексенбай Салиев <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Саламатсызба Айкан Аканұлы!
Менің сұрағым интернатура және резидентураны оқу тәртібі туралы. Менің қызым интернатураның бірінші жылын бітірді, енді соңғы екінші жылын бастамақ. Жазда тұрмыс құрды, жолдасы әскери қызметші. Соңғы жылды жолдасының қызмет орнына жақын жерде оқуға бола ма, Жамбыл облысы Қордай ауданында? Сонымен қатар, резидентураны академиядан тыс, басқа емдеу мекемесінде немесе сол аудан орталығында оқуға бола ма? Интернатура кестесінде екі ай тәжірибе практикада болуы тиіс екен, сол екі айды жолдасының қызмет орнына жақын емдеу мекемесінде өтуге мү
 мкіндік бар ма? Бұл сұрақтар жанұя құрған екі жас бір-бірінің қасында болса деген тілектен туындап отыр.

Ответ:

Құрметті Жексенбай Салиев!

Интернатураның екінші жылында аймақтарда кәсіби тәжірибені өту қарастырылған, тұрғылықты жерде өтуге болмайды. Себебі, ҚазҰМУ келісімшартқа отырған аймақтардағы медициналық мекемелерде ғана кәсіби тәжірибені өте алады, олар: Орал, Петропавлск, Қызылорда,Талдықорған, Тараз, Шымкент және Алматы облысына қарасты аудандарда.

Кәсіби тәжірибені өту орынын белгілеу барысында қарастырылған жеңілдіктер- жүкті және баласы бар әйелдер үшін.


_ _ _

Loading