Жансұлу Абдиева

23 Oct 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Cәлеметсіз бе, құрметті Айкан Ақанұлы!
Сізге қояр сұрағым: университет ішінде шет елге оқып келуге квоталар бар ма? Бар болса қалай жеңіп алуға катысуға болады? Мұндай білім беру жүйесі қандай бағытта жүргізіледі,яғни тегін немесе ақылы түрде? Рахмет

Ответ:

Саламатсыз ба, Жансулу!

Сіздің сұранысыңызға жауап бере отырып, біздің университетімізде шетел жоғары оқу орындарында білім алу бойынша квоталардың жоқ екендігін мәлімдейміз.

Егер Сіз шетел жоғары оқу орындарында немесе серіктес-жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алғыңыз келсе, Сіз факультет деканымен келісілген, университет ректоры атына өтініш білдіруіңіз қажет. Өтініш негізінде деканат білім алушылар тізімін әзірлейді. Қажеттілік туындаса, Сізге конкурстық комиссиядан өту керек.

Негіздеме-өтінішке серіктес жоғары оқу орнының білім беруге қабылдаған жазбаша растауы (академиялық ұтқырлықты жеке өткізетін жағдайда) және сынақ кітапшасының көшірмесі тіркеледі.

Деканат білім алушылар арасында конкурс өткізу бойынша комиссия жұмысын әзірлейді. Конкурстық саралаудың негізгі критерийлері: өзінің университетінде бір академиялық кезеңнен өтуі, үлгерімі «A», «A-», «B+», «B», «B-» болуы және шет тілін еркін меңгеруі (шет тілін тапсыруы бойынша тест сертификатының болуы) қажет.

Конкурстан өткеннен кейін деканат шетел мамандарын тарту және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру мәселелері бойынша апта сайын өткізілетін комиссия төрағасының атына білім алушының баратын орны, уақыты және шығын сметасы көрсетілген баянат әзірлейді. Комиссия отырысы хатаммасының үзінді көшірмесі деканатқа өткізіледі.


_ _ _

Loading