Жансая Мергенова

05 Feb 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Сәлеметсіз бе Айқан Аканович мен 11 сынып оқушысымын. Менің екі сұрағым бар: 1) Мен КазНМУ-нің фармацевтикалық факультетыне түсуді жоспарлаудамын, “Алтын белгі” үміткерімін. 2015 жылы гранттар бөлінеді ме? Грантқа түсу үшін қанша бал керек?
2) Осы жылы маған дене шынықтыру сабағына қатысуға дәрігерім тыйым салды, бұл, мысалы,Қызыл атестат алуыма кедергі жасамай ма ?

Ответ:

Саламатсыз ба Жансая! 2015 жылға дейін ҚазҰМУ «Фармация» факультетіне мемлекеттік грант иегерлерін қабылдау жұмысын іске асырып келді. 2015 жылы Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ақпарат тек мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен кейін ғана белгілі болады. Грантқа өту баллдары бойынша көрсеткіштер жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға (Фармацияға) бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады және тек конкурс аяқталған кезде белгілі болады. Сондықтан қажетті балл бойынша ақпаратты әзірге бере алмаймыз. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау Ережелеріне сәйкес «Алтын белгі» иегерлеріне конкурс кезінде басым құқық беріледі. Сәттілік тілейміз.


_ _ _

Loading