Диас Алмабек

10 Aug 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Диас Алмабек <[email protected]>

Тема вопроса: Поздравление

Вопрос:
Құрметті Айқан Ақанұлы! Мен жалпы медицина факультетінің 4 курс, 001-1к  тобының студенттімін. Біз осы жылы тобымызмен бірге Ақтөбе қаласына,  М.Оспанов атындағы Батыс  Қазақстан Мемлекеттік  Медицина Университетінде, палаталық мейірбике көмекшісі ретінде тәжірибеден өтіп қайттық. Тәжирибеден өту барысында, біз көптеген тәжірибелік дағдаларды толық меңгердік, Ақтөбе қаласының медицина студенттерімен танысып, жаңа достар таптық. Өзімнің және тәжірибеден өтіп қайтқан барша студенттердің  атынан сізге және жалпы медицина факультетінің декÐ
�натына, 4 курс бойынша декан көмекшісі Абдықалықова Айнур Имашқызына  өз алғысымызды білдіреміз! Сүйікті оқу орнымызда қазіргі заман талабына сай кең ауқымды өзгерістердің енгізіліп, студенттердің тәжірибелік біліктіліктерін арттыруға көп көңіл бөлініп жатқанына  өте қуаныштымын. Сіздің басқаруыңызбен енгізіліп жатқан жаңалықтар оқу ордамыздың беделін арттырады. Сізге барлық бастамаларыңызда жетістік, өзіңізге және отбасыңызға денсаулық, бақыт тілеймін!!!


_ _ _

Loading