Гульмира Абыкаева

12 Oct 2015  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Қымбатты Айқан Ақанұлы! Студенттерге неге жыл сайын жатақхана жетіспейді?? Сіңілім Назерке Жунусова сіздің университеттің 3-ші курс студенті, грантта оқиды. Сабағы жақсы. Жыл сайын тамыз айының 20-нан бастап Сізге хат жазбайынша жатақханадан орын бөлу проблема тудырады, неге?? Деканаттағылар “күтіңіз, ертең келіңіз, шет елдіктер орналассын” деген желеумен жүргенімізге екі ай болды. Алматыда туысы жоқ, ата-анасы жұмыссыз, отбасында 5 бала, оның екеуі кішкентай. Анықтама қағаздары қолында. Өз үйім қаладан алыс, барып келуі тым қиын.Таңертең 5-те шығып кешке 21-00де жетеді. Осылайша абдырап жүрген студент ертең жаман жолға түсіп, не бір ыңғайсыз оқиғаға тап болса кім жауапты?! Сіз жетекшіліп етіп отырған университетті таңдауына мен үлес қосып едім “жатақханасы бар, адамды емдеп абзал жан болғанға не жетсін?!” деп. Енді өзім де ұялып отырмын. Әлде сіздердің талапкерге арналған “әр студентке жатақхана ұсынылады” деген сөздеріңіз жарнаманың буы ма? Байланыс тел: +77017587281, оқимын деген баланың талабын жерге қаратпай жағдайын жасауға тезірек көмектеседі деп үміттенемін!

Ответ:

Құрметті Гульмира Абыкаева!

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде студенттер санының көптігіне және жатақханада орынның жетіспеуіне байланысты барлық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, себебі жатақханалардағы барлық 2874 орын, алдымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге, шет елден келген, диспансерлық есепте тұратын студенттерге, университетіміздің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысатын және әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға белгілі шарттар бойынша І-ІV кезеңдермен берілді.

«Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенті – Жунусова Назерке деканатқа тиісті құжаттарды толықтай өткізбеген, сондай-ақ жергілікті Әкімдіктен алған отбасы құрамы туралы анықтаманы ұсынғанмен, оны растайтын құжаттары тіркелмеген. Осыған байланысты студент V кезеңнің жатахқанаға мұхтаж 557 студенттер тізіміне 244 болып тіркелді. Сонымен қатар студент барлық құжаттарын толық өткізген жағдайда, деканат тарапынан оның кезегі қайта қарастырылады.


_ _ _

Loading